Пендеміз ғой, асығамыз біз күнде...

Описание к видео Пендеміз ғой, асығамыз біз күнде...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Giovanni Marradi - Romantico
Бейнематериал авторы – LONA
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz




Пендеміз ғой, асығамыз біз күнде,
Асығамыз, өмір жолын өтуге.
Жүгіреміз, аямастан аяқты,
Жеп жатсақта, біз тағдырдан таяқты.

Ойлануға уақыт жоқ, шіркін жанға,
Асығамыз, қол жетпейтін арманға.
Тоқтамаймыз, бас көтеріп аспанға,
Қол жаямыз, асығыста Аллаға.

Жаратқанның бергенін, бағаламай,
Асығамыз біреуден, кем қалғандай.
Асығамыз, құлап жатып тұра алмай,
Жан айқайды, кей кезде, жеткізе алмай.

Асығамыз қарамай, алға-артқа,
Қараңғы ма, жарық па, не бар алда.
Асығамыз байқамай, түсіп отқа,
Маза бермей жатамыз, шіркін жанға.

Тоқта дегім келеді, адамзатқа,
Ойлануға мүмкіндік, тапса деймін.
Шын ниетпен асықпай, мынау аспанға,
Терең оймен, тілегін, айтса деймін.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке