Qаймақ: Бәйтерек ауылы

Описание к видео Qаймақ: Бәйтерек ауылы

Қызылжардағы Бәйтерек ауылында 12 жыл бұрын небәрі 404 адам тұрыпты. Алғашқыда картада да болмаған көрінеді. Бүгінде бәйтеректіктердің қатары кемінде 4 есе өскен. Жан-жаққа тарыдай шашылған қандастарымыздың бірсыпырасы атажұрттағы тұрағын дәл осы жерден тапқан. Бір көшенің бойынан бергісі Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Әзірбайжан, арғысы Ираннан қоныс аударғандарды кезіктіруге болады.

Бәйтеректе нәпақасын төрт түліктен де, бау-бақшадан да айырып отырған отандастарымыз жетерлік. Төл өнеріміз айтысты оқытатын мектеп те бар.

Бірлігі мен тірлігі жарасқан ауыл жайында «Qаймақ» жобасынан көріңіздер.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке