БҰРЫН СПЕЗНАЗДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ЖІГІТ,КЕНЕТ КИЛЛЕРЛІК ТАПСЫРЫСҚА ЖҰМЫС ІСТЕП КЕТЕДІ | Отдел 8 фильм

Описание к видео БҰРЫН СПЕЗНАЗДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ЖІГІТ,КЕНЕТ КИЛЛЕРЛІК ТАПСЫРЫСҚА ЖҰМЫС ІСТЕП КЕТЕДІ | Отдел 8 фильм

Бүгін біз 2022 жылы шыққан "Отдел номер 8" деген керемет боевик киноға шолу жасаймыз.Басты кейіпкеріміздің біреуі Скотт Эдкинс.Ал кеттік...

Кино басында бірнеше спезназдарды байқаймыз.Олар Ауғаныстан жеріне келіп,атыс жасап жүреді.Джэк пен Том деген басты кейіпкерлеріміз жүреді.
Том бұл жерде бастықтары.Содан олар бір адамды ұстап алады.Кенет тығылып тұрғандар,бұларға атыс жасап кетеді.Том жарақаттанып аяғына оқ
алады.Басты кейіпкеріміз Джэк екеуі осы жерден аманшылықпен кетіп қалады.Уақыттар өтіп,Джэк көлік жөндейтін болып жұмысқа орналасады.Ол
өзіне,енді атыс болатын жұмыстармен айналыспаймын деп ант береді.Оның Эрл деген ағасы бар.Осы автокөліктерді істейтін гараждың бастығы.Джэк
болса,отбасына мән беретін өнегелі әкеге айналады.Үйінде әйелі және ұлы бар.Әйел болса,бізде қарыздар қаптап кетті не істейміз,мүмкін қайтадан
спезназ жұмысыңа ораласың дейді.Оған Джэк,ештеңе етпес,сәл сабырлық сақта,шығамыз осы қиындықтардан дейді.Келесі күні ағасының жұмыс
орнына келсе,бір жергілікті бандиттар келе жатады.Олар деген ескерту айтады.Ағаңа барып айт,біздің шартымызды орындасын дейді.Джэк сонда,бұл
жігіттердің бірнешеуін ұрып тастайды.Ішіндегі бастығы,біз әлі көреміз деп кетіп қалады.Кейін,Джэк ағасына барып қал жағдайын сұрайды.Артынан
ол отбасына қоңырау шалып бәрі жақсы ма деп сұрайды.Әйелі болса,бәрі жақсы дейді.Джэк сосын жұмыстан кейін үйіне келе жатқанда,бағанағы
бандиттардың басшысын көк көлікпен кетіп бара жатқанын көріп қалады.Джэк бірден асығып үйіне кірсе,әлгі бандит Джэктің әйелі мен ұлын өлтіріп
кетіпті.Джэк шошып жылай кетеді.Артынан полиция қызметкерлері келіп,Джэктен сұрақ алмақшы болады.Бірақ Джэк ешқайсын тыңдамай,бірден сол
көк көлікті іздейді.Сөйтіп жүріп,Джэк ол көлікті бір кафенің қасынан байқап қалады.Джэк бірден сол кафеге кіріп,сол жердегі бүкіл банданың бәрін
атып тастайды.Ең соңында әлгі бандиттің басшысын да атып тастайды.Джэкті бірден түрмеге қамаған екен.Түрмеде отырып,ол өзінің отбасын есіне
алып қайғырады.Біразданк кейін оның бастығы Том келеді.Жұмыс бар.Өз өзіңе қайтып кел.Бұлай қайғырып жүре беруге болмайды дейді.Бірақ Джэк,
маған ешкім керек емес,менің енді ешбір мақсатым жоқ.Кегімді алдым,әңгіме бітті дейді.Джэк бөлмесінде жатып,кейде өзінің спезназдағы өмірін еске
алып жатады.Біраздан соң,Джэкке Рамсэй деген бір кісі келеді.Ол да Джэкке ұсыныс тастайды.Бірақ Джэк оны тыңдағысы да келмей,бірден кетіп
қалады.Түнге қарай кенет Джэкті бір адамдар ұстап өздерімен бірге алып кетеді.Джэк деген көзін ашса,жаңағы келген Рамсейдің қарамағында екен.
Джэк түсінбей тұр.Сонда Рамсэй айта бастайды.Біз деген елдегі шешілмей жатқан мәселелерді шешетін нөмірі сегізінші бөлімшеміз дейді.

Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов

Комментарии

Информация по комментариям в разработке