Құрақтың маңызы, мән-мағынасы

Описание к видео Құрақтың маңызы, мән-мағынасы

Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған "қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй "тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.


Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады. Шаршы, алтыбұрыш, трапеция, тең бүйірлі үшбұрыш, пирамида, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм, белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты» белгілейді...

Комментарии

Информация по комментариям в разработке