Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – жанкүйерлерге үндеу

Описание к видео Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – жанкүйерлерге үндеу

УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымы ашылды. Қазақстан құрамасы алғашқы матчта өз алаңында азулы Норвегияны қабылдайды. Бүгінде елімізге Скандинваиядан әйгілі Эрлинг Холланд, Мартин Эдегор келіп, оңай үш ұпай алып кетеміз деп отыр. Черчесов шәкірттері бұған көне ме?

Спорт журналисі, “Бірінші болдың” тұрақты спикері Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, Қазақстанның жаңа бапкері Станислав Черчесов тек жеңуге оқталып отыр.

Десе де, біздің құрамаға Максим Самородов пен Рамазан Оразов көмектесе алмауы мүмкін, екеуінің де жарақаты бар. Дәрігерлер соңғы сөзді матч алдында ғана айтады.

Ал, Олжас Байбосынов пен блогер Бек Шмат бүкіл жанкүйерге үндеу жасады. Стадионға ұлттық құраманың жейдесін киіп келіп, Холландқа емес, Қазақстан футболшыларына жанкүйер болайық дейді олар!

Подкаст жүргізушілері:
Олжас Байбосын -   / olzhas_baibosin  
Ермұхамед Мәулен -   / e.maulen  

Подкаст қонағы:
Бек Шмат -   / bekshmat_  

#біріншібол #евро

Комментарии

Информация по комментариям в разработке