dudeontheguitar & Hey Monro - OTAN ANA [MV]

Описание к видео dudeontheguitar & Hey Monro - OTAN ANA [MV]

Түпнұсқа авторлары Куат Шілдебаев, Тұманбай Молдағалиев және Батырхан Шукеновке үлкен құрметпен «Yelim-ai Education» жеке қоры ұсынады.

1986 жылғы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы басталды. Қала жастары Дінмұхамед Қонаевтың орнына сырттан келген Геннадий Колбинді алып тастауды талап етіп Брежнев алаңына шықты.

Қазақ жастарының бейбіт демократиялық қозғалысы күшпен, қанмен жаншылды. Жалпы 8500 адам ұсталды. Оның ішінде 99 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жастар қала сыртына апарылып, сол жерге сырт киімсіз тасталды. Ал қыздар қақаған аязда мұзда тек ішкиіммен отыруға мәжбүр болды. Шеруге шыққандарды «өзіне қол салды» деп рәсімдеу үшін үй шатырларынан лақтырды.

Билік наразылық білдіргендер арасында құрбан болғандар жоқ деп мәлімдеді. Дегенмен түрлі бағалау бойынша, 170-ке жуық адам қайтыс болуы мүмкін... Нақты саны әлі күнге дейін белгісіз.

2-курс оқитын студент Ербол Сыпатаев ауыр жарақат алып қайтыс болды. Оның ақтық сөзі мынау еді: “Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой”.
Біз шеруге қатысқандардың өмірбаянын жинадық. Басқа оқиғаларды оқу үшін сайтқа кіріңіз:
https://yelim-ai.kz/zheltoksan

«dudeontheguitar & Hey Monro - OTAN ANA» барлық музыкалық алаңдарда
https://bfan.link/otan-ana-new

«Yelim-ai Education» жеке қорының instagram парақшасы:
  / yelimai.education  

Dudeontheguitar:
  / dudeontheguitar  

Monro:
  / heymonro  


Қоюшы режиссер: Қуаныш Бейсек
Продюсер: Алмас Жали
Атқарушы продюсер: Манас Атамырза
Қоюшы оператор: Мадиар Сатыбалдиев
Екінші режиссер: Самал Смағұл
Қоюшы суретші: Олжас Әлмен
Музыкалық продюсер: Айзатұлла Хуссейн
Түсірілім атқарушысы: Әсет Тауекел
Киім суретшілері: Дамира Телібай, Ғазиза Өрнек
Грим шебері: Альфия Янгучина
Қоюшы суретшінің көмекшілері: Дархан Абдрашидұлы, Абылхайыр Рыскелды, Мирас Сейсен, Диас Ақкөл
Киім суретшінің көмекшісілері: Гүлнур Шолпанбай, Айжан Азимбаева, Мадина Рахматулла
Суретші: Жанел Мұхтарқызы
Грим көмекшісі: Ернар Айтуар
Кастинг директоры: Дастан Қасымшал
Әкімшілер: Даурен Ержанұлы, Бағлан Баттал, Бағдат Сакенұлы, Мерлан Бекенов, Дастан Жақсылық
Пиротехниктер: Олжас Рахманов, Талгат Сембаев, Ерлан Сванкулов, Виктор Поплавский, Анатолий Сарсенбаев, Нурғазы Ешанқұлов, Алмас Зангинов, Денис Стариков
Каскадер: Ардақ Қадырхан
Камера механигі: Есен Сырлыбаев
Фокус: Амир Зарубеков
Жарық қоюшылар: Султан Какимбеков, Серик Серикбай, Дмитрий Климов, Нургали Куралбаев, Безат Ахметнаби
Плейбекке жауапты: Эльдар Джавраилов, Азат Сейлов
Крафт: Динара
Көлік бөлімі: Алишер Муратов, Азамат Абдиев , Самат Аубакиров, Маргулан Рысбеков

Пост продакшн менеджері: Диана Амуназар
Монтаж режиссері: Шалқар Тәнеке
VFX: mov.fx, Дәрмен Дәулет
Реңші: Данияр Муссин
Фотограф: Von Rou
Backstage операторы: Берик Айболат
Дизайнерлер: Асия Тулешева, Азат Қасымов

Музыка авторы: Куат Шілдебаев
Сөздердің авторы: Тұманбай Молдағалиев

Кавер нұсқа
Музыка: Ислам Суннатов, Олег Дюков, Диас Туктасов
Гитара: Мухтар Суннатов
Кобыз: Нұрболат Қыдырбаев

Басты рөлдерде:
Томирис Меттыбаева, Вадим Беляев, Асан Мажит, Әсет Есжан, Алмат Құрақ, Олжас Сақ, Назар Шархан және Ақерке Қозайыр

Сайт жасаған ұжым:
IT: Аршын Сұлтанғазы, Ислам Жапанов, Бауыржан Сулейменов
Ақпарат: Рамазан Әбілдос, Айзада Бакирланова, Таңшолпан Төлеген

Yelim-ai Education | Made in Central Asia 2022

Комментарии

Информация по комментариям в разработке