КТК: Қазақстан жаңалықтары 12.03.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 12.03.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАРАЛАНДЫ
Семейдегі зауытта құбыр жарылып, 5 жұмысшы жараланды. Ыстық су атқылағанда олар екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

ҚАНДАЙ ҚЫМБАТ?
Күріш, сары май мен жұмыртқа бағасының ырыққа көнбей жатқанына премьер-министр алаңдаушылығын білдірді. Негізгі азық-түліктің құнын бақылауда ұстай алмады деген өңір басшылары енді қайтпек?

МҰҒАЛІМ СОТТАЛДЫ
Олимпиадаға бара жатқанда екі оқушы мен ұстаз қаза тапқан жол апатына қатысты сот аяқталды. Рөлде болған мұғалім сотталып, оқушылардың қауіпсіздігін және оларды арнайы көлікпен қамтамасыз етпеген полиция мен білім бөліміне қатысты да қаулы шықты.

ШЕШІМІ ТАБЫЛДЫ
Ми-батпақ жолды жөндеудің орнына ол жерге құтқарушыларды кезекке қойды. Төтеншеліктер ел арасында "құрыған жол" аталып кеткен Жезқазған -Қызылорда трассасының бөлігінде батып қалған көліктерді шығаруға міндетті.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке