Шымкентте юауырмен жорғалаушылар қаптады

Описание к видео Шымкентте юауырмен жорғалаушылар қаптады

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Шымкентте жылан қаптады. Тіпті бауырымен жорғалаушылар үйдің ішіне кіріп, жұртың зәресін алған. Аптап ыстық басталғалы құтқарушылардың көмегіне жүгінген жандар күрт көбейіпті. Және жылан шағып, ауруханаға түскен тұрғындар бар.
Шымкенттің орталық ауданында тұратын Бақтияр Атамұратов бірнеше күн қатарынан үй маңынан жыланның жорғалап жүргенін көрген. Бойын үрей билеген жігіт ағасы содан бері балаларын аулаға көп шығармайтын болыпты. Өйткені, улы жәндік шағып, қауіп келтіруі мүмкін дейді. Ал, жыланды байқап қалған көршілері бірден құтқарушыларды шақырған екен.
БАҚТИЯР АТАМҰРАТОВ, шымкент қаласының тұрғыны:
- Мен жақында мазаратқа барған едім, сол жақта өзім көзіммен көрдім жыландардың жүргенін. Көршілерім де көріпті жыландардың жүргенін, барлығы айтып жатыр қазір жыландар көбейіп жатыр деп. Қайдан шығып жатыр? Бірақ, ыстықтан деп те айтып жатыр.
Қалада жыланның көбейгенін құтқарушылар жасырмайды. Жаз басталғалы улы жәндікті көрген адамдар төтеншеліктерді 128 рет шақырыпты. Бауырымен жоғалаушылар әсіресе шөбі мол, тасы көп жер үйлердің ауласында кездеседі екен. Қала берді үй ішінен табылғандары да бар.
РАҚЫМЖАН БЕКЕНБАЕВ, Шымкент қаласы жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің басшысы:
- 2024 жылы 128 рет орын алған. Оның 91-інде жыландар ұсталып, қауіпсіз жерге жіберілген. Жылан ұстауға көбінесе Забадам, Сәуле, Азат, Самал, Қайнарбұлақ саяжайы, Тельман бөлімшесі тағы басқа шағынаудандарда орын алуда.
Дәрігерлер болса жыл басынан бері жылан шағып 4 адамның ауруханаға түскенін айтады. Тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тұрғындардың барлығы амбулаториялық емге жіберілген екен. Ақ халаттылар жыланның уын алу үшін міндетті түрде жедел жәрдем қызметін шақыру керектігін ескертеді.
АСЫЛХАН МЫҢБОСЫНОВ, М.Орынбаев атындағы емдеу орталығының бөлім меңгерушісі:
- Көбінесе бізге келіп түсетін науқастардың 90-95 пайызы десек болады шаққан кезде көбінесе аяғынан шағады. Жүріп бара жатқанда байқамай қалады. Шаққан кісіні асықпай жатқызып қойып, аяғынан шағатын болса, аяғын сәл биіктеу қойып. Шағып алған күнде шаққан жерді сорып тастауға болмайды. Пышақпен кесіп күйдіруге болмайды.
Жыланның шаһарда қаптап кетуіне қатты ыстық пен ылғал әсер етті дейді мамандар. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырады. Өйткені, жұптасу кезінде жәндіктер өте қауіптіболады.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке