Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Описание к видео Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Болат Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Енді ауыл шаруашылығы саласына жауапты болады. Болат Қайратұлы 1977 жылы туған. Білімі жоғары. 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясын «құқықтану», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», 2021 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасының мемлекеттік қызметшілерді тексеру жөніндегі топтың жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК –нің Павлодар, Алматы облыстары, Алматы, Астана қалалары бойынша департаменттерінде басшылық лауазымда болған. Ол 2021 жылдың қазан айынан Қазақстан Республикасы ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке