Ховаған - "Отан" (слова: М Макатаев)

Описание к видео Ховаған - "Отан" (слова: М Макатаев)

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!

Күнін көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз - нағыз сорлы панасыз…
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім,
Екі Отан жоқ, жалғыз Отан - мекенің!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке