«Өте ұят болды». Өзбекстан президенті Түркістан облысына көмек беруге дайын екенін айтты

Описание к видео «Өте ұят болды». Өзбекстан президенті Түркістан облысына көмек беруге дайын екенін айтты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысына көмек беруге дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Azattyq Rýhy tv Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өкінішке орай, Сардобадағы апат салдарынан Қазақстан Республикасы Түркістан облысының көрші Мақтаарал ауданындағы кейбір елді мекендерді су басты. Біз Қазақстан Президенті, құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзара түсіністік пен ашықтық тұрғысында осы мәселені телефон арқылы талқыладық. Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация оқиға орнына барып, жағдайды егжей-тегжейлі зерттеді.

Біз бауырлас қазақ халқымен бір өзеннен су ішіп отырмыз, біз туысқандай жақынбыз. Біз әрқашан қуанышты бірге бөлісіп, өмірдің сынағында бір-бірімізді қолдап келеміз.

Бұл күтпеген техногендік апат тек біздің халыққа ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен  зиян келтіргені өте ұят болды. Олардың мекендейтін жеріне және егістік алқаптарына зиян келгеніне өкінеміз.

Біздің Үкімет, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті жерлердегі хокимияттар, басқа да жауапты тұлғалар мен сарапшылар, қазақстандық әріптестерімен апат салдарымен күресте тығыз ынтымақтасатын болады.

Біз сондай-ақ қазақ бауырларымызға табиғи апаттың салдарын жоюға көмек беруге дайын екенімізді білдірдік»,- деді Өзбекстан Президенті.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке