Қарағанды облысының Ақөре ауылында ауызсу мәселесі шешілмей келеді

Описание к видео Қарағанды облысының Ақөре ауылында ауызсу мәселесі шешілмей келеді

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Ақөре ауылының тұрғындары құдық суын ішіп отыр. Елді мекен тәуелсіздік жылдары ауызсуға қатысты мемлекеттік бағдарламаның біріне де ілікпеген. Бұл ауылға қатынау да қиын. Себебі аудан орталығына барар күрежолға жалғайтын 13 шақырым грейдердің ой-шұңқыры шығып жатыр. Жазда жаңбырдан езіліп, ал қыста қар алатындықтан тұрғындарды әбден мезі қылған. Жергілікті жұрттың жанайқайын тілшіміз Руслан Нұрланұлы тыңдап қайтты.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке