Мағжан Жұмабай "Сағындым" өлеңі

Описание к видео Мағжан Жұмабай "Сағындым" өлеңі

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық Даму басқармасының қолдауымен Алаш қайраткерлерінің сүбелі ойлары мен мағынасы зор өлеңдерін назарларыңызға ұсынуды жалғастырады. Ұлтқа үлгі болған Алаш арыстарының асыл сөздерін жадымызда ұстап, болашақ ұрпаққа жеткізу -- парыз. Келесі назарларыңызға ұсынатын туынды – күллі Алаш жұртының даңқты перзенті, күрескер тұлғалы кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаевтың "Сағындым" өлеңі. Өзінің сыршыл өлеңдерімен қатар "Батыр Баян", "Қойлыбайдың қобызы", "Қорқыт", "Жүсіп хан", "Оқжетпестің қиясында" поэмалары, "Шолпанның күнәсі" әңгімесі арқылы әдебиетке жаңа леп әкелді. Ақынның "Мен жастарға сенемін!" өлеңі әр қазақ баласының жүрегінде сайрап тұр. Алаш арысының анасына деген сағынышқа толы өлеңін тыңдап, бағасын беріңіздер.
Оқыған: Жансая Сман

Комментарии

Информация по комментариям в разработке