Шымкентте Өзбекстаннан көшіп келген азаматтардың үйлері жаппай сүріліп жатыр

Описание к видео Шымкентте Өзбекстаннан көшіп келген азаматтардың үйлері жаппай сүріліп жатыр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Шымкентте 15 жыл бұрын қоныстанған тұрғындардың үйлері сүріліп жатыр. Сот орындаушыларымен алысқан бұқараның бірі баспанасын аман сақтап қалса, кейбірінің үйлерін түгін қалдырмай қиратып кеткен. Өйткені бір жер телімін жауаптылар Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан екі азаматқа рәсімдеген екен.
Үйін аман алып қалу үшін арпалысқан Әбіләкім Айтқұлов Өзбекстаннан Қазақстанға 15 жыл бұрын көшіп келген. "Асар" бағдарламасымен қоныс аударған азаматқа қандас статусымен жерді мемлекет берген екен. Бірақ, билік өкілдерінің өзі табыстаған жерден қазір былық шығып жатыр дейді. Түркістан облысынан шешім алған тағы бір қожайын үйді сүргізу туралы шешімге келіпті. Дау содан басталған.
ӘБІЛӘКІМ АЙТҚҰЛОВ, Шымкент қаласының тұрғыны:
– Біз Өзбекстаннан көшіп келіп... Енді сәл не қып жатырмын. Осы үй бұзылады. Осындай қиыншылық болады дегенге. Ашуланғаннан кейін мен қазір үш рет жатып шықтым ауруханаға. Мына қол тартылып істемей қалған. Емделіп шыққасын көзім өзіне сәл келгені мынау. Сол жағым тартылып істемей қалған.
Әбіләкім Айтқұлов үйін сүргізбей 28-тамызға дейін уақыт алса, Маржангүл Елшібаева түсініксіз жағдайлардың соң үйінен айырылыпты. Көзі жасқа толған зейнеткер қолымда қалалық жер қатынастары берген рұқсат қағазы болса да ешкім жоқ кезде үйді сүріп тастады дейді. Осындай үреймен тағы 22 отбасы өмір сүріп жатыр екен.
ОҢҒАР КЕНЖЕЕВ, Шымкент қаласының тұрғыны:
– Қазір дау болып жатқаны 22 үй бар. 22 үйдің орындарын ауыстырып, қазіргі таңда 6 үй қалды". "Сайрам ауданы кадастр бөлімі 1 решениемен 3 госакст берген.
Ал жер қатынастары басқармасының мамандары көпшілікке бөлінген телімдердің бірнеше адамға берілгенін енді ғана білдік дейді. Жауаптылар тіпті көпшілікке үлестірілген учаскелердің санын да нақтылай алмай отыр.
НҰРБОЛ ЖҮНІСБЕКОВ, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
– Мен толық нақты қанша отбасына жер берілгенін білмеймін. Бірақ, сол кездегі Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының шекарасында осы аудан құрылады. Шымкент қаласынан Шаңырақ деген мөлек аудан құрылады. Сайрам ауданынан Тұрдабат деген елдімекен құрылады. Сол шекара дұрыс бөлінбеу салдарынан осындай жағдайға алып келіп отыр. Сайрам ауданы біздің жер деп өз шешімімен табыстаған. Шымкент біздің жер деп өзінің шешімімен табыстаған.
Жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселені енді ғана естідік деген жауаптылар тексеріс жүргізбек. Ал 15 жыл бұрын "Асар" бағдарламасымен Шымкентке көшіп келген отбасылардың жағдайы не болары белгісіз.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке