Ресейдің Ириклин қоймасынан шыққан топансу Кәспийға жеткенше көп қазақ жерін жайпады. Сұрауы кімнен?

Описание к видео Ресейдің Ириклин қоймасынан шыққан топансу Кәспийға жеткенше көп қазақ жерін жайпады. Сұрауы кімнен?

Каспий теңізіне тасқыннан жиналған 1 млрд текше метрге жуық су жіберілді. Қазір тасқан су 4 арна арқылы өтіп жатыр: Бақсай, Нарын, Черная речка және Соколок арқылы жіберілген.

Бұл арналар тәулігіне 12 миллион текше метрге дейін су өткізе алады. Олардың әрқайсысында Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» мекемесінің мамандары тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы, Соколок каналының бойынан ұзындығы 14,5 шақырым қосымша арна қазылды. Ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберіледі.

Сондай-ақ біз Жайық өзені арқылы суды лимандарға бағыттаймыз. Ал Ойыл өзенінен су лимандардан бөлек, жерасты суларының орындарын толтыру үшін де жіберіледі. Осыған дейін біз Балқаш көліне су жіберіп, оның деңгейін 15 сантиметрге көтердік. БҚО Қамыс-Самар көлдеріне, Ұлытаудан Қызылорда облысының көлдеріне су жібердік. Ақмола облысының көлдерін де толтырдық. Біздің алдымыздағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі – көлдерді тасқын сумен толтыру, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

#тасқынсу #жайық #каспий

Комментарии

Информация по комментариям в разработке