Балабақша меңгерушісінің бассыздығына шыдамаған тәрбиешілер шындықты жайып салды

Описание к видео Балабақша меңгерушісінің бассыздығына шыдамаған тәрбиешілер шындықты жайып салды

Қызылорда облысында балабақша қызметкерлері бір жыл бойы еңбек құқықтарының тапталып келе жатқанын айтып жиналды. Айтуларынша жекеменшік бөбекжайдың құрылтайшысы мен меңгерушісі тәрбиешілерді қорқытып, олардың банк карталарын алып қойған. Осылайша ай сайын есепшотымызға 300 мың теңге жалақы аударып, бірақ оның қомақты бөлігін өз пайдаларына жаратып келеді дейді. Ең сұмдығы, бізге жалақы ретінде жүз мың теңгені ғана қолма қол беріп отыр деп ашулы.
Сырдария ауданындағы «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлері басшыларымыздың әрекетінен әбден мезі болдық дейді. Тәрбиешілердің айтуынша, әу баста жұмысқа орналасқан кезде құрылтайшы оларға келісімшарт бермеген. Содан соң әрқайсымыздың банк картамызды алып қойып, айлық пен еңбек демалысының ақысынан қомақты қаражатты бір жыл бойы қалтасына басып келді дейді. Ал қызметкерлер отбасымызды асырап отырған жұмысымыздан айырылып қаламыз ба деген қорқынышпен осы кезге дейін ешқандай органға шағым түсірмепті.
ГҮЛЖАУХАР ҚҰРМАНАЕВА, тәрбиеші:
– Банкоматыңды маған бере тұр сентябрьде жұмысқа қосылған соң беремін деген сияқты айтып пинкодымды жазып алды. Маған уведомление келді. 300-300 –ден снимать етіп алған. Общий отпускнойым 700 мың түскен.
ГАУХАР АСЫЛБЕК, ТӘРБИЕШІ:
– Айлық 300-дің үстінде түседі. Соның жүз мыңын ғана береді. Банкоматым апайда осы күнге дейін.
Қолдарында келісімшарт болмаған соң тәрбиешілер нақты қанша жалақы алатындарын да білмейді. Тек басшыларының ауызша жүз мың теңге береміз дегеніне көнген. Ал енді есепшотымызға ай сайын қомақты қаржы түсіп тұрғандықтан мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыдан да қағылып келеміз деп қынжылады тәрбиешілер. Мұндай қысымға шыдамай 3-4 күн бұрын жұмыстан шығып кеттім деген қызметкер Баян Сүйіндікова жеке балабақша басшыларының бұдан бөлек те құйтырқы әрекеттерін жайып салды. Айтуынша, құрылтайшы мұнда тәрбиеленбейтін балаларды тізімге қосып, мемлекеттен қыруар қаражат алып жүр.
БАЯН СҮЙІНДІКОВА, балабақшаның бұрынғы қызметкері:
– Бір группада 18 бала бар, екінші группада 22 бала бар. Бірақ біз 50 бала деп белгілеп отырмыз. Қаншама бала жоқ бізде. Басқа жақтан алып келеміз. Қызылорда, Алматыдан да бізде бала тіркеліп тұр.
Ал тәрбие ошағының құрылтайшысы мен меңгерушісі қызметкерлерінің шағымдарын жоққа шығарды.
ЭЛЬВИРА ЗБАЙРОВА, «ҚАРЛЫҒАШ» балабақшасының меңгерушісі:
– Мен ешкімнің карточкасын алмаймын. Мен меңгеруші болғаныммен бізде частный садик. Мен ешқандай тәрбиешінің карточкасын алған жоқпын. Бала санына қарай айлық төленетіні рас. Қазір бізде портал, бұрынғыдай қағаз жүзінде біз өтірік белгілей алмаймыз. Өтірік информация бере алмаймыз жоғары жаққа.
Білім бөліміндегілер тәрбиешілердің еңбек құқықтарының шектеліп келгенінен бұған дейін хабарсыз болдық дейді. Ал балабақшадағы бала санына байланысты тексеріс жүргізіліп жатқанын айтады. Шағым білдірген қызметкерлер мәселелерінің ақ-қарасын енді құзырлы органдар анықтап берсе деп үміттеніп отыр.













Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке