Суперкеліншектен рецепт: БАЛДЫ ТОРТ! (Медовый торт)| superkelinshek vlog

Описание к видео Суперкеліншектен рецепт: БАЛДЫ ТОРТ! (Медовый торт)| superkelinshek vlog

Қайырлы кеш,достар🌹🌹🌹

Бүгін сіздермен еең оңай балды тортын дайындайтын боламыз🤗.Бұл балды тортының ерекшелігі қамыры жұмсағырақ.Бұны "ленивый медовик"деп те атайды😅.Ал ендеше кірісейік🥰


🍰 Бисквитке қажетті заттар:

🌺 Жұмыртқа 3 дана
🌺 Сары май 100 гр
🌺 Қант 100 гр
🌺 Бал 80 гр
🌺 Ұн 200 гр


Кремге қажетті заттар:

🌺 Қаймақ(500-700 гр)
🌺 Қант ұнтағы (өз қалауыңызша)

Бисквитті дайындауға кірісеміз🤗


🥞 Ең алдымен темір ыдысымызға балды салып алып,оны баяу отта ерітетін боламыз.
🥞 Балымыз толық қанды еріген соң үстіне соданы салып,жақсылап араластырамыз.
🥞 Енді үстіне сары майды салып,ерітетін боламыз.
🥞 Сары май толығымен еріген соң оттан алып,жұмыртқаны салып жақсылап араластырамыз.
🥞 Жақсылап араласытырып алдық,енді үстіне қантымызды салып,араластырамыз.
🥞Енді ұнымызды салып баяу жылдамдықпен миксерлейміз.


Тесто дайын болды🤗.Енді сақина немесе формамызға құямыз🥧.Пешімізді 180°С-та қыздырып аламыз.Қыздырылып тұрған пеште 7-8мин қойып,пісіріп алатын боламыз🥧

🍦Крем әзірлеу үшін:

Өз қалауымызша қаймақты аламыз🤗Мен 500гр қаймақ пайдаландым.Қаймақты жақсылап 6-7минут миксерлейміз.Сосын өз қалауымызша қант ұнтағын салып,жақсылап миксерлейміз🤗.Дәмді әрі оңай креміміз дайын болды🍦👏

Піскен корждарымызды домалақ етіп кесіп алып,кезегімен кремді жағып отыратын боламыз🍦.Торттың оформлениесі өз қалауыңызша🌸Мен қалған корждарды езіп,ұнтағын себетін боламын🌸Сонымен тортымыз дайын😋🎂


Міндетті түрде жасап көріңіз🌹🌹🌹
Асыңыз дәмді болсын🤗😘

▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬▬

Менің каналыма қош келдіңіз!
Менің есімім Құралай Орынбасарова. Тәтті пісіруді жақсы көремін. Менің каналымнан торттарды пісіруді, басқа да тағам түрлерін дайындауды үйрене аласыз.

Менің әлеуметтік желідегі парақшаларым:

Инстаграм:
Менің жеке парақшам:   / superkelinshek.kz  

Жұмыс парақшаларым :

  / superkelinshek_bakery   (Алматы қаласы бойынша тортқа тапсырыс алу)

Торт пісіруге қажетті заттарды сатып алу үшін   / superkelinshek.shop   парақшасына өтіңіз
#суперкеліншек #superkelinshek #медовый торт

Комментарии

Информация по комментариям в разработке