NHL-де ойнаған тұңғыш қазақ қызы | Бұлбұл Қартаңбайдың АҚШ-тағы адам сенгісіз оқиғасы

Описание к видео NHL-де ойнаған тұңғыш қазақ қызы | Бұлбұл Қартаңбайдың АҚШ-тағы адам сенгісіз оқиғасы

«Кейіпкер» жобасының кезекті қонағы – Әйелдер арасындағы Ұлттық хоккей лигасында (NWHL) ойнаған тұңғыш қазақ қызы, АҚШ-тағы хоккей клубында бас бапкер болған алғашқы қазақстандық Бұлбұл Қартаңбай.

Бұлбұл не үшін хоккейді таңдады? Қазақстан мен Америкадағы хоккейдің айырмашылығы қандай? АҚШ-та жол апатына түскені рас па? Кейіпкеріміз осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

00:00 Тизер
00:55 Таныстыру
01:14 Бұлбұл Қартаңбай
01:46 Мен хоккейді таңдаған жоқпын, хоккей мені таңдады
03:49 Хоккейге 12 жасымда келдім
04:40 Әкем мен атам боксшы һәм балуан
05:40 Таңғы 05-30 ұйқыдан тұрып жаттығуға баратынмын
06:30 Ата-аналар қыздарын хоккейге беруге қорқады
07:03 2021 жылы әйелдер хоккей академиясын аштым
07:52 Мен хоккейге келгенде 5 қана қазақ қызы болды
09:39 Америкадан шақырту келді
09:50 Канададан шақырту келді
09:57 Анам пәтерімізді кепілге қойып, мені Канадаға жіберді
10:07 Бұлбұл неге көзіне жас алды?
11:03 Ағылшын тілін білмейтінмін
11:37 Қазақстанға тек жетістікпен ораламын деп мақсат қойдым
13:14 Америкаға барып, құрамаларға өзімді көрсеттім
13:38 "Қазақстан қай жер ол?" дегендер болды
14:41 Қазақстан мен Америкадағы хоккейдің айырмашылығы?
15:27 Америкада екі жыл тұрдым
15:37 NHL-де жүргенде жол апатына түстім
17:40 Америкада хоккейден бас бапкер болған тұңғыш қазақ қызымын
18:00 "100 жаңа есім" жобасы туралы
19:52 Президент қатысатынын айтқанда сөзімді ұмытып қалдым
20:25 Президентке хоккей академиясын ашқым келетінін айттым
20:50 Президенттің жауабы
21:47 Осыдан үш жыл бұрын шілдеде ашылдық
22:07 Мұз айдынындағы бір сағаты 35 000 теңге тұрады
23:39 Академияда қыздарға жаттығу тегін
25:35 Қыздар 4 жастан бастап қабылданады
26:08 Үстіміздегі киім 18 келі шығады
26:48 Карьерасы қашан аяқталды?
27:44 Бұлбұл қазір спорт агенті
28:40 Канадаға 15 бала апардым
31:13 Портфолиомды 70 клубқа жібердім
31:20 Хоккейден бір жыл тыс қалдым
34:10 Бір жыл регби ойнадым
35:15 Хоккейге қайта 19 жасымда оралдым
35:57 Хоккейде қыздардың жалақысы 400 мың теңге
38:00 Қазақ балаларын шетелге тәжірибе жинауға жіберу керек
39:18 Бапкер болған ұнайды
41:14 Шетелде жүрсең өз еліңнің қадірін түсінесің
43:28 Меценаттар біздің спортшыларды қолдаса
44:21 Жарақаты жайлы
46:20 Әжем 77 жасқа толды
46:47 Мотиваторларым – әжем мен анам
47:29 Жеке өмірі жайлы
48:00 Бұлбұлдан үш кеңес


_____________________________________
El.kz Ақпараттық-танымдық портал

Ресми сайттың сілтемесі: https://el.kz/

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз:
Instagram -   / el.kz  
Facebook -   / wwwelkz  
Telegram - https://web.telegram.org/k/#@elkz_portal

#elkz #қазақстанжаңалықтары #новостиказахстана #nhl #keipker #подкаст

Комментарии

Информация по комментариям в разработке