41 АУРУҒА ЕМ! ЖУСАННЫҢ емдік қасиеті... Жусанның пайдасы.

Описание к видео 41 АУРУҒА ЕМ! ЖУСАННЫҢ емдік қасиеті... Жусанның пайдасы.

Баршаларыңызға Ассалаумағалейкүм! Бұл видеода Ащы Ермен (Жусан) өсімдігінің адам денсаулығына мол шипасын білетін боласыздар. Видеоны соңына дейін көріңіз! Сіз естіп білмеген ақпараттар бар.

Жусанның емдік қасиеті :
Бала кезімізде суық тиіп ауыра қалсақ, әжем дереу ермен (полынь горькая) деген шөптен дәрі жасап беретін. Оны шампанның бөтелкесіне дайындайтын. Дәрі ащы болмасын деп ішіне бірнеше дана мейіз салушы еді. Осы дәріні ішкен соң аурудан тез айығып кететін едік. Бүгінде ондай дәріні жасайтын адам жоқтың қасы. Қазіргілер ауыра қалса, дереу дәрі-дәрмекке жүгінетін болған. Ал дәрі ауруды тез қайтарғанымен, ағзаға зиян келтірмей қоймайды.
Қазақта «Ерменді жерде ер өлмейді» деген мақал бар. Ол текке айтылмаған. Себебі ерменнің емдік қасиеті жетерлік. Қазақта оны 41 ауруға ем деген түсінік қалыптасқан. Ерменнің ми қан тамырлары тарылғанда, құлақ шуылдағанда, бас ауырғанда және көз қарауытқанда тигізер пайдасы өте көп. Оның бүйрек, бауыр, асқазан және тік ішек жараларының барлық түріне, қаназдыққа және қант диабетіне тигізер шипасы мол. Осылардан жазылу үшін ерменнің дәнін кептіріп, ұнтақтайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сосын бір қасығын 100 грамм балаға араластырып, асқазан, ішек және тік ішектен қан кеткенде қолдану керек. Бұл дәріні күн сайын шай қасықпен 3 рет қабылдаса, қан кету тиылады, іштегі жара тез жазылады.
Ерменнің жапырағы да ем. Оның ұнтағынан бір шай қасық алып, 3 литр қайнаған суға шай сияқты демдейді. 8 сағаттан соң сүзіп, үстіне 200 грамм сірке суын араластыру керек. Бұл дәріні асқазан және ішек жаралары, геморрой, тоқ ішек¬тегі полит, қылтамақ сияқты ауруларға, сонымен қатар жатырдан қан кеткенде, бауыр мен көк бауыр ауырғанда да қолдануға болады. Ондайда күніне 3 рет, тамақ алдында 30 граммнан ішу керек. Бір айдан соң 20 күн демалып, емді қайтадан бастаған жөн.
Ерменнің тамырын ұнтақтап, оның 100 граммын 3 литр суда жарты сағат қайнатып тұндырады. Бұдан кейін үстіне 200 грамм сірке суын қосып, шайқап араластырады. Бұл дәріні қуыққа суық тигенде, қуық түйіліп ауырғанда, бүйрек пен жатыр төмен түскенде, үлкендердің кіші дәреті тоқтамағанда және еркек безі қабынғанда пайдалануға болады. Сондай-ақ онымен әйелдер бедеулігін емдеуге де болады. Ол үшін күн сайын екі рет, 30 грамнан ішеді. Ал жатыр мойын жарасын жазу үшін таңертең және кешке онымен жуып- шайыну керек.
Дайындаған - А. КИІКБАЙ.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Өз ДЕНСАУЛЫҒЫН жақсы күтетін, өз өмірін ЖАҚСЫ жаққа қарай өзгерткісі келетін АДАМ болғыңыз келсе, АРНАға тіркеліңіз!
Өміріңізге ПАЙДАЛЫ видеоны басқа АДАМДАР да көрсін десеңіз, біздің еңбегімізді бағалап, ЛАЙК басып жақындарыңызға таратсаңыз, біз қуанышты болар едік!
КӨП РАХМЕТ!

#денсаулық #жусан #ем #қазақша

Комментарии

Информация по комментариям в разработке