Құндылық және мораль. Сейілбек Мырзабай. Балалықтан даналыққа

Описание к видео Құндылық және мораль. Сейілбек Мырзабай. Балалықтан даналыққа

Құндылық және мораль. Сейілбек Мырзабай. Балалықтан даналыққа кітабынан үзінді. Отбасы хрестоматиясы.

КІТАП ОҚИЫҚ... ТАНЫМ-ТҮСІНІГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕЙІК...

Құндылық дегеніміз не? Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген әйгілі сөзін ұстаздар қауымы аузынан тастамайды.

Енді сұрақ! Тәрбие деген ұғымды қалай түсінеміз? Ата-ананың көпшілігі мұны: сынау, мінеу, ұрсу, жақсы амалы үшін марапаттап, жаман тірлігі үшін жазалау деп біледі. Қазіргі кезде "баланы тек мақтай беру керек" деген жаңаша техника пайда болды. Ал діншіл типтер баласына сағаттап ақыл айтып, құрғақ мораль окумен шектеледі. Логотерапевтердің «Мораль нұқу үшін емес, тұтыну үшін берілген» деген ұстанымы осыдан шыққан.

Сондықтан логотерапия ғылымы ата-анаға да, мұғалімге де: «Моральдан қаш!», - деп талап қояды. XXI ғасырда жастарға ағыл-тегіл ақыл айту тиімсіз. Мұның пайдасы былай тұрсын, көп жағдайда теріс нәтиже береді.
Ал ҚҰНДЫЛЫҚ дегеніміз не? Ақыл айтпасақ, мораль оқымасақ, баланың көкірегін құндылыққа қалай толтырамыз?

Ары қарай видеодан тыңдаңыз...

"Балалықтан даналыққа" кітабы кімдерге арналған?
Бұл кітап баланың болмысы мен оның тәрбиесіне тереңінен үңілген барша ата-анаға арналады. Сонымен қатар оқушылармен тікелей жұмыс істейтін мектеп психологтарына, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне факультативті құрал ретінде ұсынылады.

#кітап #оқу #оқушы #идеи #тәрбие #әдіс #педагог #педагогика #құндылық #мораль #книги #книга #атаана #сейілбекмырзабай #отбасы #отбасыхрестоматиясы #айгүләспенбетқызы #балалықтанданалыққа #балалық #даналық #автор
бала тәрбиесі, бала тарбиеси, кітап оқу, китап оку, балалыктан даналыкка, Сейлбек Мырзабай, автор, қисса, кисса, кундылык, даналык.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке