БАЛА СӨЙЛЕУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? БАЛА ТІЛІ ҚАШАН ШЫҒАДЫ?

Описание к видео БАЛА СӨЙЛЕУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? БАЛА ТІЛІ ҚАШАН ШЫҒАДЫ?

🍃Осы👆 сұрақты жекеме күніне кем дегенде бір ана қояды

Ендеше видеоға лайк💗 басып, сақтап🚩 алып, достарыңызбен бөлісуді де✈ ұмытпаңыздар

Шыныменде, қазір баланың жасы 3-ке келсе де, сөйлемейтін бала көп. Сол үшін де аналарды толғандыратын сұрақ екені рас.

🔺️Ең алдымен балада сөйлеу алды процесс дамиды:

➖нәресте 2-3 айынан бастап гууулдеп, дыбыстар шығара бастайды, айналасындағы адамдар сол арқылы қарым қатынасқа түседі

➖ары қарай нәресте 6-8айға келгенде былдырлай (лепет) бастайды: да-да, га-га, ба-ба, ма-ма т.б.

➖бала 1 жас - 1 жас 3 айға келгенде алғашқы сөздерін айтады, мысалы: мама, папа, ата, апа т.б. Сөздік қоры 10-20 сөз

➖бала 2 жасқа келгенде фразовая речь дамиды, ол дегеніміз бала 2 сөзден тұратын тіркесті сөйлемдер айта бастайды, мысалы: мама су, шай ішемін, папа келді т.б. Сөздік қоры 150-300 сөз. Ең жоқ дегенде, баяу дамып жатыр дегенде 50 сөз болуы керек

➖бала 3 жасқа келгенде екі үш сөзден тұратын сөйлем құрап сөйлейді, сұрақ қояды, сұрақтарға жауап береді

📍Көрдіңіздер ме? Бала 3 жасқа келгенде сөйлейді деген заң жоқ. Баланың сөйлеуінің физиологиялық даму этаптары бар. Ол сол этаптан өтпей бірден ваууляяя 3-4 жасқа келгенде тарсылдап сөйлеп кетпейді.

‼️Есте сақтаңыздар, балаңыздың сөйлеу алды процестерінің уақытылы дамуына мән беріңіздер‼️

❓Пост пайдалы болса, ➕ белгісін қалдырып кетіңіздер⤵️ Сөйлеу бойынша проблемасы бар таныстарыңызға постты жіберіп бөлісіп қойыңыздар

Ізгі ниетпен Дәрігер Нұрулла Айзада Әбдіманатқызы_❤

#баласөйлеуүшіннеістеукерек#балатіліқашаншығады#баланешежастасөйлейді#балатіліқашаншығады

Комментарии

Информация по комментариям в разработке