"ТОБАНИЯЗ ХАН ТҮРМЕГЕ ТҮСКЕНДЕ"/Ізмұрат Молбаев/Жыр терме/Сәттіғұл Жанғабылұлы

Описание к видео "ТОБАНИЯЗ ХАН ТҮРМЕГЕ ТҮСКЕНДЕ"/Ізмұрат Молбаев/Жыр терме/Сәттіғұл Жанғабылұлы

Тобанияз хан Әлниязұлын xалық ақыны Жырау Сәттіғұл Жанғабылұлы жырлағаны!

Орыс озбырлығын білумен қатар, бәлшебектік зобалаңның болатынын болжап, қиын-қыстау кезеңнен азғантай ғана Адай елін аман-есен алып шығуға бел буып, Әліби Жангелдин-Николай Степновтың айтқанына сеніп, Ревком болуға келісімін берген Тобанияз халқы үшін өз басының құрбандық екенін алдын ала білген адам.
Маңғыстауда Жары Мәтжан, Ескелді Қаражан, Жеменей Тобанияз — Адай Ревкомын құрып, Кеңес үкіметін жариялағанымен, негізгі мақсаттары Батыстан келе жатқан кезекті Тажал - социализм деген зұлматқа халықты мейлінше аз шығынмен алып бару еді. Қараңғы Қазақты, еселеп қырғынға ұшыраған Қазақты жаңа апаттан аман алып қалу еді. Бірақ, тілекті Тәңір бермеді. Олардың барлығын тажал тапап өтті. Тобанияздың сол жолда басы кетті.

Қаражан – «кезінде мен жаңылған екенмін, ұрпақ амандығы үшін бұл жерден көшіңдер!» деумен кетті. Ал, Мәтжан би, азуы алты қарыс Мәтжан, туған жер, атамекенінде ақыл-естен айырылған, яғни, тарихи жадты мәжбүрлі түрде өшірген кейпінде, алжыған адам болып аман қалды. Ал, қара халық, қалың бұқара солардың тағдырын топ-тобынан қайталап, өлгені өлді, көшкені көшті, аман қалғаны амалсыз есінен, рухынан айрылған күн кешті..

Ендігі жерде Біздерді, біздерден кейінгі ұрпақты, Жаратқан Ием, өз тарихына өзі Ие халық ретінде сақтай гөр! Оның үшін тарихи жадымыздың тірілуіне көмектес, есімізді жиғыз!

Асылдың сынығы, көне Рухты сақтаушы, Сыпыра жырау мен Абылдардан қалған ескі мұраны бізге жеткізуші Сәттіғұл Жанғабылұлы атамыз, төбеден қызыл қылыштың төніп тұрғанына қарамай, сол үштіктің бірі және бірегейі Тобаниязға жыр-дастан арнаған. Жүрегін нарық заманының қара көбігі басып кетпеген адамды бей-жай қалдырмайтын жыр. Тыңдап көрелік!

Сұлтан Жұмабекұлы Қадір. Бейнеу кенті.

#ІзмұратМолбаев #Жыртерме #Тобаниязхан

Комментарии

Информация по комментариям в разработке