Пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Описание к видео Пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда облыстық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Үш жүзден астам оқушының мойнына алтын, күміс және қола медальдар тағылды. Ең үздік 65 бала республикалық олимпиадаға жолдама алды. Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде 801 оқушы білімдерін сынады. 335-сі жүлделі орындарға ие болды. Жеткіншектер бүгін медальдар, дипломдармен марапатталды. "Үздік командаға" ауыспалы кубок табыс етілді. Оқушылар енді наурыздың бесіне дейін республикалық олимпиадаға дайындалады. Гуманитарлық пәндерден жеңімпаз болған 29 бала Ақтауға, жаратылыстану бағыты бойынша үздік көрінген 36 оқушы Павлодарға жол тартады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке