«Қазірден бастап орын жоқ». Алакөлге демалып қайту қаншалықты қымбаттады?

Описание к видео «Қазірден бастап орын жоқ». Алакөлге демалып қайту қаншалықты қымбаттады?

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Алакөлде 15 күннен кейін шомылу маусымы басталады. Бірақ демалыс орындарының көбінде қазірден бастап орын жоқ. Қазір кәсіпкерлер демалыс орындарын ретке келтіріп, соңғы дайындықтарын пысықтауда. Биыл баға өсті ме? Демалушыларға көл жағасында көрсетілетін қызметтің сапасы қандай болмақ? Әріптесім Меруерт Сабыртай көл жағасына барып келген еді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

МЕРУЕРТ САБЫРТАЙ, тілші:
– Алыс-жақын елдерден ала жаздай туристер ағылатын Алакөл қазақтың жауһары. Қасиеттілігі жағынан қара теңізбен пара-пар ақ айдынға келушілер саны жыл сайын көбеюде. Қара батпағы дертке дауа, суының құрамында Менделеев таблицасындағы сан түрлі элемент бар. Қазір жағалауда маусымға дайындық жұмыстары қызу. Енді санаулы күндерден кейін күнге қыздырынып, суға шомылғысы келгендер осында ағылады.
Жылда келушілер тарапынан көл жағалаудағы қызмет көрсету сапасына сын айтылатын. Биыл да алғашқы демалушылар баға қымбат, әрі қызмет тым нашар деп отыр.
РАДМИРА МОДИЛЕВСКАЯ, демалушы:
– Жағалауда қызмет көрсету жағын жетілдіру керек деп ойлаймын. Қып -қызыл ақша төледік, соған сай жақсы демалыс күтесің, баға мен сапа сай болса деген тілек.
АННА ШЕВЧЕНКО, демалушы:
– Көл керемет, бірақ жағалауда демалуға жағдай жасалмаған. Мүмкін шомылу маусымы ресми ашылғанда жақсаратын болар.
Расыменде, биыл баға шамамен 10-15 пайызға көтерілген екен. Демалыс орындарының 1 күндік жалға алу құны адам басына 10 мыңнан басталып, 50 мыңға дейін барады. Көбінде бұл сомаға таңғы ас қана кіреді. Алыстан менмұндалап тұрған мынадай бес жұлдызды демалыс орындарын екінің бірінің қалтасы көтермейді. Өйткені олардың бір күндік ақысы 150 мыңнан басталады.
ЕРКІН УӘЛИХАНОВ, кәсіпкер:
– Өйткені бізде продукция қымбаттап жатыр. Алматыдан бәрін доставка жасап жатырмыз. Бағасы адам басына 22-25 мыңға дейін. Ішінде тамағы бәрі кіреді.
АРНҰР МОЛДАХАНОВ, кәсіпкер:
– 10 мыңға стандарт нөмірлер, оның ішіне екі төсек, кондиционер, телевизор кіреді.15 мыңнан полулюкс, люкс варианттар бар ол уже екі комнаталық, тағы бірнеше комната оның ішіне бәрі кіреді.
Әкімдіктегілер жағалауды бес бөлікке бөліп инвесторларға берген екен. Олар көл бойын абаттандырып, туристерге қолайлы жағдай жасауы керек. Ең бастысы суды тазартып, қауіпсіздікті қадағалап, шатыр тігіп, қоқыс жинап тұруы тиіс.
ДӘУРЕНБЕК МҰҚАБАЕВ, Ырғайты ауылдық округінің әкімі:
– Сенімгерлік басқаруға бергенде ол жерде барлық талап сақталады, сол аймаққа қайық тұратын тұрақтар талап етіліп отыр, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, басты мақсатымыз барлық демалушыларға жайлы жағдай жасау.
Жалпы, Ақшиде үкенді-кішілі 300-ден аса демалыс орны бар. Бірақ олардың көбінде бос орын жоқ екен. Казір жағалауда тыныштық, енді бірер аптада тіршілік жанданады. Былтыр көл жағалауына 1 миллионнан аса адам тынықса биыл демалушылар саны бұдан да артады деп күтілуде.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке