Соғысқұмар далалықтар, бес қару және қазақ батырлары туралы шындық – Арман Жұмаділ

Описание к видео Соғысқұмар далалықтар, бес қару және қазақ батырлары туралы шындық – Арман Жұмаділ

Жазылыңыз    / @qalamqaz  
——————————————————
Танымал тарихшы Арман Жұмаділ «Қалам» сұхбат алаңының кезекті қонағы. Ол қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған әскери өнері мен қаруларының түрлері, олардың қолданылу тәсілі жайында зерттеп жүрген ғалым. Б.з.д. І мыңжылдықта Хуанхэның орта ағысынан Дунайға дейінгі Ұлы Дала төсінде дүние жүзіндегі озық әскери мектептердің бірі қалыптаса бастады. Сол кеңістікте өмір сүрген сақ, ғұн, түрік тайпалары далалық әскери мектептің негізін қаласа, қазақ халқы олардың тікелей ұрпағы ретінде сол әскери мектептің дәстүрін жалғастырушы мұрагері. Бұл тарихи шындық. Ендеше, сақ жауынгерлерінен бастап, қазақ батырына дейінгі тарихы бірге тыңдайық.
——————————————————
Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:00 Анонс
00:58 Амандасу.
01:24 Спикер – Арман Жұмаділ, тарихшы
01:44 Әскери істің адамзат тарихындағы рөлі қандай?
02:47 «Соңғы 3 мыңжылдықта 250 жыл ғана соғыссыз болған»
04:48 «Сенің әскери ісің жоқ па, соғысқа дайын емессің бе, онда көлденең көк аттыға жем боласың»
05:18 Көшпенділердің әскері
06:50 Еуразия даласы салт атпен қалай игерілді?
07:25 Көшпенділердің қаруы: моңғол, сақ, ғұн садағы
09:55 Кентавр – Херон
12:00 «Қару-жараққа ешқашан табу жүрмейді»
14:34 Ғұн мен сармат дәуірінде жылқы мен адамның симбиозы қалыптасты
17:28 Ғұндардың қытайлармен соғысы
18:40 Шалбар мен өкшелі етік дала жауынгерлерінің атрибуты
20:48 Қазақ хандығы кезіндегі әскердің ерекшелігі қорғаныс доктринасы болды
21:47 Барлау әдісі Шыңғыс хан заманынан келе жатыр
24:16 Абылай хан аяғынан жараланған соғыс
24:14 Өтірік ақпарат тарату - қазақ жауынгерлерінің тәсілі
27:30 Жаудың психологиясын білу
28:27 Елшібек батыр туралы
30:40 Бес қару деген не?
34:20 Сақтар ант бергенде қаруды куә болуға тартады
35:18 Қару жасайтын адамдар салықтан босатылған
35:50 Сақ жігіті қызға көңілін қалай білдірген?
38:35 Қалың малдың ішінде қару-жарақ болған
39:20 «Күлтөбенің басындағы күнде жиын...»
40:37 Далалықтар тактикасын қасқырлардан үйренген
41:54 Қамшы қару ма?
47:07 Көшпенділердің жақсы көретін қаруы – садақ
50:11 1731 жылы Болат ханның өлімінен кейін таққа таласқан 3 үміткер - үміткер
52:54 Қазақтардың жоңғарлармен соғыста жеңіле бастаған кезі

#көшпенділер #тарих #арманжұмаділ

Комментарии

Информация по комментариям в разработке