Алматыда қала орталығындағы жер үйлерді сүргісі келген әкімдіктің басы дауға қалды

Описание к видео Алматыда қала орталығындағы жер үйлерді сүргісі келген әкімдіктің басы дауға қалды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Алматыда қала орталығындағы жер үйлерді сүргісі келген әкімдіктің басы дауға қалды. Өйткені олар ұсынған сома тұрғындардың айтуынша, нарықтағы бағадан айтарлықтай арзан шыққан. Жұрт бұл ақшаға үйді берсек далада қаламыз деп отыр. Сондықтан халық жылжымайтын мүліктерін әділ бағалауды талап етеді. Ал бұған әкімдік өкілдері не дейді?
Әкімдік "жеріңді сат, мектеп саламыз" дегенде келіскен тұрғындар мүлкіміз көк тиынға бағаланады деп ойламадық дейді. Сөздерінше, жергілікті басқарушы орган өкілдері "барлығын нарықтағы бағада есептеп, құнын төлейміз" деген, бірақ олардың ұсынған ең қомақты ақшасының өзі түбінде 30 миллионға да жетпей қалған.
ҒАЛИЯ ТҮБЕКБАЕВА, Алматы қаласының тұрғыны:
– 1 апта бұрын акимат шақырды. Қағаздарыңызды алып кетіңіздер деді. Барсақ, бізге 28 млн беріп тұр. Менің жерім 2 де 44, есігімнің алды. Біз ол үйде 2 отбасы тұрамыз. Мен 28 млнға тіпті өзіме ондай үй сатып ала алмаймын ғой. Сонда Үкімет бізді далаға тастайтын деп тұр ма?!
АЛМАТ ТҰРҒЫНБЕКОВ, Алматы қаласының тұрғыны:
– Әкімдіктің жасаған оценкасымен ешқалай келіспейміз. Өйткені ең аз соманы беріп жатыр. Ол сома бізді қанағаттандырмайды! Себебі қазір бос учаскенің өзі 10 миллион теңгеден жоғары тұрады.
ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
– Тұрғындардың айтуынша, мүлікті бағалау кезінде көп дүние ескерілмеген. Бағалаушылар да жұмысын салғырт жүргізді дейді. Сондықтан жұрт мүлік құнын қайта қарауды талап етуде.
Алайда әкімдік өкілі ұсынылған сома енді өзгермейтінін айтты. Тіпті "тұрғындардың мүлкін қымбат бағалау - заңсыз" деп көптің қыдығына да тиді.
ДАНИЯР АСҚАРҰЛЫ, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:
– Ортақ үлестік меншікте орналасқан бұл жерлер. Бір учаскеде бірнеше үй, бірнеше адамдар қолданыста. Әрқайсының жері және үйі аз болғандықтан нарық бағасы аз шығып жатыр. Келіспеген жағдайда сот арқылы жүгіну қажет. Сот арқылы шешім шығарады.
Ал заңгерлердің айтуынша, мемлекет қажеттілігі үшін мүлікті алғысы келсе тиімді жолдарын ұсынуы керек. Ал жердің иесі тиісті бағасын сұрауға толық құқылы дейді.
ҒАБИТ ӨМІРБЕКОВ, заңгер:
– Ұсынылған баға аз болса, нарықтағы бағаға сәйкес келмесе, жекеменшік жердің иесі тәуелсіз бағалаушы, яғни оценщик тағайындай алады. Лицензиясы мамандарды тағайындайды да, олар өздері қорытынды жазып береді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке