Іле өзені. Иле. Су асты аңшылық. Балық аулау.

Описание к видео Іле өзені. Иле. Су асты аңшылық. Балық аулау.

Іле – Солтүстік Тянь-Шань тауларынан бастау алатын Күнгес пен Текес өзендерінің қосылысынан пайда болып, Балқаш көліне құйылады. Ол – Жетісу жеріндегі ең ірі өзен. Ұзындығы – 1439 км (Қазақстан аумағында 815 км). Жалпы аумағы – 140 мың км². Қазақстандағы ең үлкен салалары: Түрген, Талғар, Қаскелең, Шарын, Күрті, Өсек және Шілік өзендері. Іле өзені бірнеше табиғи аймақтарды кесіп өтеді. Қытайда – таулы жерлер, орта бөлігінде – жазық, ал төменгі бөлігінде – шөлді дала арқылы өтеді. Өзен қараша айының аяғында қатып, сәуірдің басында ери бастайды. Мұздың орташа қалыңдығы шамамен жарты метрді құрайды. Өзеннің орта ағысында Қапшағай су электр станциясы және су қоймасының салынуына байланысты – суармалы жер көлемі ұлғайып, кеме қатынасы үшін қолайлы жағдай жасалды. Су электр станциясы әр түрлі салалардың дамуына және ауыл шаруашылығын электрлендіруге мүмкіндік берді.
Мұнда сом, сазан, ақ амур, көксерке, ақбалық, ақтабан сияқты балықтарды ұстауға болады. Жағалауларында ақ тырналар, қырғауыл, көкқарға, қамыс мысығы, қара кезқұйрық, бәбісек, көл шағаласы, өзен қарқылдағы сияқты сирек кездесетін жануарлар мен құстар мекендейді.




Или́ — река в Китае и Казахстане. Длина — 1439 км, из которых 815 км на территории Алматинской области Казахстана, где является крупнейшей рекой области и одной из крупнейших рек страны. Площадь водосборного бассейна составляет 140 000 км².














Created by InShot:https://inshotapp.page.link/YTShare

Комментарии

Информация по комментариям в разработке