1 миллиард теңгеге салынған автовокзал енді қаңырап бос тұр

Описание к видео 1 миллиард теңгеге салынған автовокзал енді қаңырап бос тұр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Қызылорда қаласында бір миллиард теңгеге жуық қаражатқа салынған жаңа автовокзал қаңырап бос тұр. Екі ай бұрын облыс әкімі салтанатты түрде ашқан нысанда қалалар мен ауыл-аймаққа қатынайтын бір де бір көлік жоқ. Жолаушылар да, автобус жүргізушілері де қаланың шетінде бой көтерген автовокзалға бару өте қолайсыз дейді. Автовокзал не үшін ашылды? Шенеуніктердің қандай жоспары бар? Өңірдегі әріптесім Абай Нұржанұлы біліп келді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған бір топ шенеунік осыдан бір жарым ай бұрын сол жағалаудағы жаңа автовокзалдың лентасын қиған еді. Сол сәтте тұрақта Арал, Қазалы, тіпті Ташкентке қатынайтын автобустар тұрған. Қазір олардың бір де бірін таппайсыз. Тұрақ бос. Жаңа автовокзал қаңырап қалған. Автобустардың бағыты жазылған табло да сөніп тұр.
Ал, қала орталығында орналасқан жеке кәсіпкерге тиесілі ескі автовокзалда күн сайын абыр-сабыр. Мұнда Астана, Алматы, Шымкент шаһарлары мен аудандарға жүретін автобустар толып тұр. Халық жаңа автовокзал тым алыста, оған бару тиімсіз дейді.
Жауаптылар жаңа автовокзалда жолаушыларға барлық жағдай жасалған дейді. Ал сәуірде пайдалануға берілген нысанға автобустарды әкелу жұмыстары енді ғана басталыпты.
ЖӘНІБЕК СЫЗДЫҚОВ, Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Кезең-кезеңімен ашылу көзделіп отыр. Бірінші ауданаралық маршруттарды үйрету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кестеге сәйкес. Одан кейін облысаралық болады. Сосын біздің халықаралық маршрутымыз бар. Ташкент-Қызылорда деген. Сол да жүргізілетін болады.
Бірақ бюджеттің 975 миллион теңгесі жұмсалған заманауи нысанға түрлі бағыттағы автобустардың қашан келетіні әзірге белгісіз. Оған қоса, ауыл-аймаққа қатынайтын автобус жүргізушілері шет жақта тұрған автовокзалға бармаймыз деп отыр. Айта кетейік, Қызылорда облысын Қырымбек Көшербаев басқарған сәтте қаладан автовокзал ашылған болатын. Бірақ халық оның пайдасын сол күйі көрмеді. Тіпті, сұраныс болмаған соң нысан сауда үйіне айналды.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке