Бекен Исабаев. Қариялардың қойнында өстім (Алдыңғылардың әңгімесі)

Описание к видео Бекен Исабаев. Қариялардың қойнында өстім (Алдыңғылардың әңгімесі)

Бекен Исабаев – ел шежіресіне қанық. Абай төңірегіндегі ел аузындағы әңгімелерді бұл кісінің аузынан естудің өз ғанибеті бар. Кішкентай күнінен Абайдың көзін көрген қариялардың, ақынмен замандас болған бай-бағлан, би-шешендердің үрім-бұтағының сөздерін естіп өскен Бекен Исабаев құймақұлақтығымен ерекшеленген. Тіпті, кей кісілер бала Бекен үйге кіріп келгенде, айтып отырған әңгімелерін сап тыяды екен. Себебі Бекен бір естіген сөзін ұмытпайды. Ол қасиетін ел адамдары да жақсы білген.
Белгілі журналист Қасым Аманжол түсірген «Анық Абай» деректі сериалынан көпшілікке жақсы таныс қария, көп жерге шығып, сұхбат та бере бермейді. Одан бері де 15 жылдай уақыт өтіпті. Биыл тамыз айында Семей топырағына арнайы сапар жасап, ақсақалдың әңгімесін тыңдадық. Екінші рет қайыра барып, видео таспаға түсірген едік. Алдағы жылы тоқсанға толғалы отырған қарттың жады бұрынғыша сайрап тұр. Тек кәрілік жеңген. Ұзақ әңгіме айтса, ентігіп, алқынып қалады. Біз барғанымызда көңілімізге қарап, кеңдік көрсеткен. Кісілігіне разымыз.
Сол жолғы еңбегімізді бүгін назарларыңызға «Алдыңғылардың әңгімесі» ретінде ұсынудың реті келіпті. Бекен ақсақал Абай туралы сөздерге қалай тап болғанын баяндайды. Ыбырайша, Шәкір, Майра сияқты қарттардың сөздерінен естігенін айтады. Абайдың жеке басының, отбасының, төңірегінің қызықты әңгімелері бар. Абай өлеңдерін жатқа оқиды. Оны арнайы жаттамаған екен. Өмір өзі жүре жаттатыпты. Абай ұрпақтарының тағдыры да сөз болады. Ақылбайдың әнін айтады. Шәкірдің жырын оқиды. Қазыналы қарттың құнарлы әңгімесін тыңдауға сіз де ерінбеңіз.
Көріңіз! Бөлісіңіз! Жазылыңыз!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке