Мемлекет қолдамайды. Спортқа бөлінген ақша тиімсіз жұмсалып жатыр. Бізді де бағалайтын уақыт келер

Описание к видео Мемлекет қолдамайды. Спортқа бөлінген ақша тиімсіз жұмсалып жатыр. Бізді де бағалайтын уақыт келер

Аралас жекпе-жектің элиталы дивизионы саналатын UFC лигасында қазақтың небәрі төрт-ақ жігіті төбелесіп жүр. Солардың бірі – Бекзат Алмахан. Өзінің дебюттік жекпе-жегінде әлемнің ең үздік файтерлерінің бірі саналатын Умар Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізген отандасымыз азулы қарсыласына лайықты тойтарыс бергені есте. Ұпай санымен жеңілсе де америкалық аудитория оны жоғары бағалады.

Осы жекпе-жекте Бекзат аяғынан ауыр жарақат алған болатын. Кешеге дейін емделіп, бүгінде жаттығу залына оралған спортшы өзіне жаңа қарсылас іздеп жатыр. Үміткерлердің қатарында кім бар? MMA-дан UFC-ге өту қаншалықты қиын? Бұл туралы Бекзат пен оның менеджері Нұраддин Садықов айтып берді.

Менеджердің сөзінше, UFC-де өнер көрсететін санаулы қазаққа билік тарапынан ешқандай қолдау жоқ. Тек Шавкат Рахмоновқа қана қаржылай көмек көрсетіледі екен. Ал, өзгелері демеушілерге алақан жаюға мәжбүр. Қаржы тапшылығының салдарынан оқу-жаттығу жиындарына да сирек барады екен. Қажетті витаминдерді сатып алу әзірге тек арман ғана.

Сіздерге арнап, WhatsApp арнамызды аштық! https://whatsapp.com/channel/0029VaD4...
Telegram: https://t.me/birinshybol
Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз -    / @1golkz  

Подкаст жүргізушісі:
Олжас Байбосын -   / olzhas_baibosin  

Қонақтарымыз
Нұраддин Садықов -   / nuraddins  
Бекзат Алмахан -   / bekzatalmahan  

#біріншібол #mma #подкаст

Комментарии

Информация по комментариям в разработке