Адамдар көше сыпырушыны боқтады | Кемпірлер кемсітеді | Қоқысты өзіме лақтырды | ЕҢБЕК АДАМЫ #23

Описание к видео Адамдар көше сыпырушыны боқтады | Кемпірлер кемсітеді | Қоқысты өзіме лақтырды | ЕҢБЕК АДАМЫ #23

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы

🔹Спикер: ГҮЛНАР АЙТУБАЕВА - көше тазалаушы.


Біз нағыз еңбек адамдары туралы жобамызды жалғастырамыз. Егер осы жобаны үзбей көріп жүрсеңіз қанашама тағдырды танып-білдіңіз. Қаншама төгіліп жатқан маңдай тердің бейнеті мен зейнетін бағамдадыңыз. Солардың ішінде қала мен көшенің тазалығына жауапты жұмысшылар туралы тағы бір айтқымыз келеді. Себебі, сол адамдардың еңбегі көп жағдайджа бағаланбай жатады. Былтыр көшеде түкіргендер үшін айыппұл салынады дегенде тұтас ел шу ете қалып, мұны әзілге айналдырып, қарсылық танытқандар да көп болды. Бірақ, көшеде қақырып-түкірмеу мәдениет ғана емес, бұл өзгенің еңбегін де құрметтей білу болса керек. Өйткені, көшені тазалайтын жұмысшылар сол қоқыспен бірге ауыздан шыққан лас сұйқтықты да тазартады. Қолына сыпырғышы мен күрегін ұстап, көшені тазартып жүрген аға-апаларымыз жастарға ескерту айта қалса, жауапқа ауыр сөдер мен не бір балағатты естиді. Өз ауласына таза ұстай алмайтын адамдар көшедегі қоқысты көріп қалып, сол жұмысшыларға айғай салып, ескерту айтқыш болып кететіні тағы бар. Бұл жұмыс біле білгенге физикалық тұрғыда ғана емес, моральдық тұрғыда да ауыр. Ендеше, қысы-жазы дала жүріп, көшені жылан жалағандай, айнадай қылатын мамандық иелерінің бірі – Гүлнар Айтубаевамен таныс болайық.

Кейіпкеріміз өмірбаянын айтып жатыр. Мен де алып-қоса кетейін. Себебі, біз әр кейіпкерді таңдарда жан-жақты зерттеп, танысамыз. Гүлнар бұған дейін отыз жыл флотатор болып жұмыс істеген. Бұл зауыттағы құрылғыларды басқаратын мамандық иесі. Зияны мен бейнеті көп қызмет. Қазір кейіпкеріміз көшенің тазалығына жауапты мекемеде бөлім басқарады. Шағын ұжымы бар. Басқарады дегенде қалай, өзі де қысы-жазы джалада жүріп, еңбек етеді. Жазда көше сырып, қыста қар күреп, тыным таппайды. Балаларын аяқтандырды. Енді ұзақ жылдық бейнеттің зейнетін көріп, демалса да болар еді. Алайда, әбден еңкке аралысп үйреніп қалған адамға , бос отыру –жазамен тең дейді ол. Еңбекке деген құштарлық, еңбектен қалыптасқан өмір салты осындай болса керек.

Мен үнемі айтатын бір сөз бар. Таза көшелерде маңдай тердің табы бар. Бірақ, сол көшені тазартатын адамдар бар екен-ау деп, ластамау керек. Қоршаған ортаны таза ұстап, қорап, жанашырлық таныту қоғамның ортақ міндеті. Сол міндет жалпы мен жалқының мәдениеттінде қалыптасуы керек. Ол үшін осы бастан жасөспірімдерді өзгенің еңбегін сыйлап, жауапкершілік танытуға тәрбиелеген ләзім. Ақыл айту оңай, қарекет қылсақ игі.


“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!

Интаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук:   / nartai.sarsengaliyev  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке