Жұлдыз Абдукаримова - "Өмір маған..." (Тұманбай Молдағалиев)

Описание к видео Жұлдыз Абдукаримова - "Өмір маған..." (Тұманбай Молдағалиев)

Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясындағы орны тым ерекше. Басылым беттеріне берген сұхбаттарының бірінде:

«Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын. Өлеңнен өз орнымды таптым», - деген еді. Халқының махаббатына бөленген Тұмаш ағаның бір өлеңін оқып беруді шештім сіздерге.


Өмір маған кейде тау сияқты,
Шыңына шыққым келеді.

Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді.

Өмір маған кейде бір бел сияқты,
Гүлдерін тергім келеді.

Өмір маған кейде бір шөл сияқты,
Сусын бергім келедi.

Өмір маған кейде бір от сияқты,
Жылысын алғым келеді.

Мен үшін кейде бақыт жоқ сияқты
Өліп калғым келеді.

Өмір маған кейде жақсы дос сияқты,
Күнде көргім келеді.

Өмір маған үлкен керуен көш сияқты,
Жетектегім келеді.

Өмір маған кейде адал жар сияқты,
Еркелеткім келеді.

Мені күткен бір бақыт бар сияқты,
Ерте жеткім келеді.

Өмір маған кейде сұлу қыз сияқты,
Құшақтап сүйгім келеді.

Өмір маған кейде «апа», сіз сияқты,
Қуаныш үйгім келеді.

Өмір маған шаттық сезім сияқты,
Мәз болып күлкім келеді.

Өмір маған кейде өзім сияқты,
Өмір сүргім келеді.
Өлең авторы: Тұманбай Молдағалиев

Өлең оқығаным ұнаса лайк басып, пікір қалдыруды ұмытпаймыз!

Каналға жазылу үшін "Подписаться" қызыл батырмасын басыңыздар!
Қызықты сұхбаттар, отбасылық өмір, бала тәрбиесі, ата-аналарға кеңес, лайфхактар туралы канал

Официальный канал про семейную жизнь, воспитание детей, советы для родителей и интересные интервью

Байланыс үшін: +7 778 2222 517

Инстаграмдағы парақшам:

  / zhuldyzabdukarimovaofficial  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке