Gallup. Бизнес. Аналитика

Описание к видео Gallup. Бизнес. Аналитика

Бүгінгі подкаст бизнес, Gallup CS34, аналитика тақырыбына арналады.

Бизнесте адам ресурстары өте құнды актив, және оларды басқаруда ұтымды аналитика, тиімді талдаулар және кәсіби бағыт айқындау қажет. Осы бағыттар бойынша, қызметкерлердің мықты әрі әлсіз жақтарын анықтайтын Gallup CS34 тест пайдалы құрал болып табылады. Спикермен осы тесттің басымдықтары, сапалы маман болу үшін қажет дағдылар, дұрыс мамандық таңдау, потенциалды ашу және басқа да қызықты тақырыптарды қозғадық.

Түсірілім қонағы:
Бабур Әділхан - Адами капиталды дамыту бойынша эксперт, профориентолог, TANU AI компаниясының директоры

Подкаст жүргізушісі:
Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram арнасының және Energy Podcast Youtube арнасының авторы

Болашақта Абзал мырза мен Бабур мырза подкасттың жаңа қонағына Gallup CS34 тестіне талдау жасайды. Келесі қонаққа кімді шақырып, оның таланттарын талдатқыңыз келеді, соны комментарийге жазып кетіңіздер.

Таймкодтар:
03:18 Бабур мырзамен таныстыру
05:04 Gallup ұйымының қызметі туралы
06:06 Gallup CS34 таланттарына сай жұмыс істеудің нәтижесі қандай болады?
09:00 Gallup CS34 жастарға мамандық таңдауда қалай көмектеседі?
11:05 Бабур мырза профориентация мен Gallup CS34-ке қалай келді?
14:04 Қазақстанда адам капиталы бойынша жасаған зерттеу нәтижелері
16:00 ДЭФ бойынша алдағы 5 жылдағы ең топ-10 дағдылар қандай?
17:52 Аналитик болу үшін қандай таланттар қажет?
18:03 Талантты дәл қолдану және потенциал ашу туралы
19:23 82% қызметкерлер өз жұмысын жақсы көрмейді
24:42 Жасанды интеллект мамандықтарды басады
24:48 TANU AI компаниясы туралы
28:04 Жасанды интеллекттің дамуы карьераға қалай әсер етеді?
30:42 Сапалы маман және роботтардан қалай мықты боламыз?
34:18 McKinsey-дің T-shape дағдылары туралы
38:08 Адам карьерадан өскенін қалай түсінеді?
40:14 Өзгерістер өзін тапқан адамға мүмкіндік ашады
41:52 Gallup test таланттары жыныс, жас, елдер бойынша қандай болады?
45:48 Қазақстан өңірлеріндегі таланттар ерекшеліктері
47:08 Бабур мырзаның Gallup CS34 нәтижелері туралы
48:41 34 таланттарды талдауда неге назар саламыз?
50:25 Таланттың құлысың ба, басшысысың ба?
53:40 Gallup-тың басшыларға арналған тесті
54:50 Абзал мырзаның Gallup CS34 нәтижелері туралы
57:59 Бизнесте тез қате шешім қабылдау мен ұзақ шешім қабылдау туралы
1:00:38 Жұмысты басқаларға тапсыру маңызы туралы
1:02:04 Келесі қонақтың Gallup CS34 нәтижесіне талдау жасау

Комментарии

Информация по комментариям в разработке