Банктерге бір тиын берілмейді, ең төменгі жалақы 60 мың: Президент жолдауының басты тетіктері!

Описание к видео Банктерге бір тиын берілмейді, ең төменгі жалақы 60 мың: Президент жолдауының басты тетіктері!

Осындай бес бастама ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын тиімсіз жұмсаған шенеуніктерден бастап, Ұлттық қорды "кеміріп" жатқан жауаптыларды сынға алды. Және халыққа жоғары пайызбен несие беріп, банкрот болған жағдайда Ұлттық қордан миллиардтар алуға үйреніп қалған банкирлерге енді мемлекет көмектеспейтінін айтты. Бүгінгі жолдауында Президент халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін саяси элитаға біраз тапсырма берді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласынан тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Айбар Төлжанұлы айтып беруге дайын.
Мәжілістің үлкен залына бүгін биліктің тұтқасын ұстаған азаматтар жиналды.
Ал, айтылған уақытта эфирге шыққан Президент халыққа жолдауын "пандемиядан кейін экономиканың даму қарқыны жаман емес" деп бастады. Мемлекеттік шығындарды жабу үшін шенеуніктер қаржыны Ел бюджетінен немесе Ұлттық қордан алып келеді. Президент енді мұндай "жеңіл жол" болмайды деді. Ол аздай, өсіп кеткен инфляцияның деңгейін Ұлттық банк әзірге тоқтата алмай отыр. Мұны әлемдік тенденциямен байланыстыру сылтау деді мемлекет басшысы. Ұлттық банк пен үкімет енді инфляцияны төрт пен алты пайыз аралығына ұстап тұруға міндетті. Бұдан былай мемлекет екінші деңгейлі банктерге көмектеспейді. Банктердегі бұғатталған активтер айналымға өтеді. Яғни, ешқандай игілікке жұмсалмай тұрып қалған миллиардтар ел экономикасына қайтарылу керек.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Екінші деңгейлі банктер шағын шараларға, әсіресе, ауылдарға ақша салмайды. Сондықтан микроқаржылық ұйымдардың әлеуетін іске қосу қажет. Олар жергілікті орындарда жұмыс істеп жүргендіктен, ондағы клиенттерді, олардың бизнесін, мүмкіндіктерін жақсы біледі!
Президент мал бағатын жерлерді ықпалды адамдар иеленіп, жан-жағын қоршап алғанын айтты. Әкімдер сол дөкейлердің ығына жығылып, айтқанынан шыға алмайды. Бұл проблеманы шешу үшін ел үкіметі батыл қадамдар жасамақ. Қазақстанда дағдарыспен күресуге деп бөлінген триллиондар ауылдағы шағын жобаларға жетпей қалған. Мысалы, соңғы бес жылда субсидияға бөлінген екі триллион теңгенің жартысынан астамы талан-таражға түскен. Президент бұл проблеманы да жоямыз деді. Келер жылдан бастап ең төменгі жалақы қырық екі мың бес жүз теңгеден алпыс мыңға өсіп, бір миллионнан астам қазақстандық игілігін көреді. Және бұған дейін тасада қалған кейбір қызметкерлердің де жалақысы өседі.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Ал, 2022 жылдан 2025 жылға дейін мұрағатшы, кітапханашы,техникалық қызметкерлер, қорықшылар мен көлік жүргізушілердің жалақысын жыл сайын 20 процентке өсіреді.
Сөзінің соңында Президент "Мемлекет басшысының саясатына күмәнмен қарайтындар, жұмысын атқара алмайтындар, уақыт өткізіп босқа отыратындар мен Президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар болса, орындарын босатулары керек" деп, қадап айтты. Бір сағат жиырма минутқа созылған жиынды кейбір шенеунік қалғып-мүлгіп өткізсе, кейбірі Президент тапсырмасын қағаздарына түртумен болды. Ал, жиын біте салысымен сыртта абыр-сабыр басталды. Президентке деп төселген қып-қызыл кілем жиналды, жиыннан шыққан шенеуніктер сүліктей қап-қара мерседестеріне қарай асықты. Тәртіп сақшылары ешкімді Парламенттің алдына өткізбей, барлығы тарқағаннан кейін ғана темір қоршауларды жинай бастады. Осылайша, екі ай жазда адам саябырсып қалған Парламент бір сәтте құж-құж қайнаған шенеуніктерге толып, тәртіп сақшылары маңайынан бір жарым сағат бойы ешкімді өткізбей, ханның сарайындай күзетіп тұрды.









Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#Президент_жолдауы #Халыққа_жолдау

Комментарии

Информация по комментариям в разработке