Тынышбай Рақым - "Боз орамал" - Асқар Жүнісбеков

Описание к видео Тынышбай Рақым - "Боз орамал" - Асқар Жүнісбеков

Tynyshbai Raqym - "Boz oramal" - Asqar Junisbekov

"БОЗ ОРАМАЛ"
Әні мен Сөзі Тынышбай Рахымдыкі

Кетпейсің көңілімнен сен бір өлең,
Ғашық ем көздеріңе мөлдіреген, сәулем.
Қып-қызыл емес пе еді-ай орамалың,
Жас дәурен жалауындай желбіреген, сәулем.
Қайырмасы:
Алаулы таңдарым менің,
Аяулы арманым менің,
Өзіңе сағыныш сазын,
Арнадым дедім, сәулем.

Келеді балғын күнім көз алдыма,
Аттаған ақ босағаң базарлы ма, сәулем.
Бояуы солғындады гүл дәуреннің
Қып-қызыл орамалың бозарды ма, сәулем.
Қайырмасы:
Алаулы таңдарым менің,
Аяулы арманым менің,
Өзіңе сағыныш сазын,
Арнадым дедім, сәулем.

Арай таң ақ қанатын жасарады,
Нұр түсі гүл жайнайтын кез орамал, сәулем.
Сағымға араласқан сағыныштай
Жаныңды жүдетті ме боз орамал, сәулем.
Қайырмасы:
Алаулы таңдарым менің,
Аяулы арманым менің,
Өзіңе сағыныш сазын,
Арнадым дедім, сәулем.

#ТынышбайРақым #АсқарЖүнісбеков #Бозорамал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке