Жаңа жоба | 1000 сұрақ | Құрбан айтқа қатысты жиі қойылатын сұрақтар | www.Yaqin.kz

Описание к видео Жаңа жоба | 1000 сұрақ | Құрбан айтқа қатысты жиі қойылатын сұрақтар | www.Yaqin.kz

Әссәләмуғалайкум, құрметті www.Yaqin.kz каналының көрермендері! Міне, біз қасиетті Зүлхиджа айының алғашқы он күндігіндеміз. Асыл дініміздегі қос мейрамның бірі Құрбан айт мерекесіне де санаулы күндер қалды. Осы орайда, Сіздерге құрбан айт, құрбандық шалуға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын ұсынамыз. Жоба ұнаса, видеоға лүпіл басып, каналға жазылуды ұмытпаңыздар!

Құрбан айтқа қатысты сұрақтар:

01:19 Биылғы тоқтылар құрбандыққа жарай ма?
03:07 Шектік шалуға шариғатымыз қалай қарайды?
06:04 Егер бірігіп құрбан шалған адамдар арасында, ет алу ниетімен ғана құрбан шалған адам болса, құрбандық жарамды ма?
08:02 Құрбан шалуға ниеттенген адам тырнақ шашын алмауы керек пе?
09:55 Тәшриқ тәкбірі деген не және қай күндері айтылады?
12:50 Биылғы карантинде Құрбан айт намазын қалай оқимыз?
14:55 Құрбан шалуға қандай малдар жарамды?
16:35 Құрбан айт кезінде мал бағасын қымбаттату күнә ма?
20:05 Құрбандық шалу кімдер үшін міндет саналады?
22:40 Құрбандық шалу рәсімі қашан басталып, қай уақытта аяқталады?
24:10 Құрбандық етін міндетті түрде жағдайы жоқтарға тарату керек пе әлде өз отбасыма алып қалсам бола ма?
25:12 Құрбан шалынған малдың еті мен терісін сатуға бола ма?
26:10 Қасапшының ақысы қалай береміз?
28:15 Құрбандықты міндетті түрде адам өзі шалу керек пе әлде басқа біреу арқылы шалса бола ма?
29:12 Құрбандық шаларда Құран оқу міндетті ме?
30:35 Құрбан шалмай, оның орнына сол ақшаны садақа етіп таратып берсе бола ма?
31:55 Құрбандыққа шалынған малды фотоға түсіру, селфи жасау дұрыс па?
33:57 Құрбан шалар кезде дәретті болу шарт па?
34:42 Бір үйден бір адам құрбан шалса жеткілікті ме?

Комментарии

Информация по комментариям в разработке