Қоғамдық бақылауды күшейту керек

Описание к видео Қоғамдық бақылауды күшейту керек

Қоғамдық белсенді, бұрынғы сенатор, «Кенасары хан» қорының жетекшісі Уәлихан Қайсар сұхбатында елдегі қоғамдық, әлеуметтік және мәдени мәселелерге қатысты ойларымен бөліскен. «Еститін үкімет», «қуатты парламент» ұрандарын сынаған ол билікті естімейтін, көрмейтін бейнеде сипаттайды. Айтуынша, биліктің жұмысы бір сәттік өрт сөндірушілік қызметімен ғана сипатталады. Соңғы 20 жылдағы парламент, көпвекторлы саясат, Тұран одағы, Ауғанстанмен қатынас туралы айтқан саясаткер мәдени кеңістікті қорғау туралы сұрақтарға да жауап берген. Ол сондайда бұл мәселеге ресейлік телеарналар мен ел мәдениетіне жат діни ағымдарға кеңшілік берген үкімет жауапты деп санайды. Уәлихан Қайсар таза сайлау өткізәп, сот істерін өзгертсе, көп нәрсе өзгереді деген сенімде. Айтуынша, орыс тілі примитивті сипатқа ие болғандықтан ғана қолданыстан қалмай келеді. Бұл – мәдениеттің көрсеткіші емес. Ол Кенесары ханның басы Мәскеуде жатыр деп санайды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке