ЖАПОНДЫҚ МЕКТЕП,ҚЫТАЙЛЫҚ ШӘКІРТТЕРГЕ КҮН КӨРСЕТПЕДІ, СОНДА ЕРЕКШЕ ҚЫТАЙЛЫҚ ШӘКІРТ БӘРІНЕ КӨРСЕТЕДІ

Описание к видео ЖАПОНДЫҚ МЕКТЕП,ҚЫТАЙЛЫҚ ШӘКІРТТЕРГЕ КҮН КӨРСЕТПЕДІ, СОНДА ЕРЕКШЕ ҚЫТАЙЛЫҚ ШӘКІРТ БӘРІНЕ КӨРСЕТЕДІ

Бүгін біз тағы да Брюс Лидің бір киносына шолу жасаймыз.Кулак ярости деген кино.Бұл фильм де 1972 жылы жарық көрді.Достар басынан аяғына
дейін көрейік...

Кино басында Чэнь деген басты кейіпкеріміз сапарлатып бір жақтан келеді.Асығып келгенінің себебі бар.Ұстазы көз жұмыпты.Алдынан аспазшы Тянь
деген кісі қарсы алады.Чэньге қарап,бәрі қабір басына кетті дейді.Чэнь бірден сол жаққа асығып барады да,ұстазым деп жылай бастайды.Қабірін қаза
бастайды.Басқалары тыныштандырып жатыр.Қоймағасын,басынан бір беріп талдырып тастайды.Артынан Чэнь мектепте ұстазының суретіне қарап
отырады.Қасына Юань деген қыз келіп,тамақ ішпейсің бе,қанша күн болды ас ішпедің дейді.Чэнь үндемей отырады.Юань тамағын сыртқа шығарып
жатқанда,Фань деген қазіргі ұстазы келіп,ол әлі тамақ ішпеді ме дейді.Сосын Чэньннің қасына келіп,оны жұбатуға тырысады.Бәріміз қайғы көрдік,бірақ
әрі қарай өмір сүру керек дейді.Чэнь болса,ұстазымыз қалай көз жұмды дейді.Мыналар болса,өкпе ауруы деп қояды.Оған Чэнь ашуланып,мен сенбеймін.
Бұл жерде бірдеңе бар дейді.Ұстазымыздың денсаулығы жақсы еді дейді.Артынан тағы да бір ұстаздары,бүкіл оқушыларды тұрғызып қойып,көз жұмған
ұстазы жайлы айтып жатады.Оның қалдырып кеткен сөздерін айтады.Ұстазымыз бізге ешкіммен байланысқа түспесін деп айтты.Сабыр қылсын деп
айтты дейді.Бір кезде Ху деген аудармашы кісі келеді.Қасында екі жапондық шәкірттер.Олар бір баннер әкеліпті.Ол баннерде "жолы болмағырлар" деп
жазылған.Кейбір шәкірттер ашу білдірсе де,бұл жердегі үлкен ұстаздары сабыр қылады.Дүниеден өткен ұстаздарыңның айтып кеткен мұрасын естеріңе
алыңдар дейді.Чэнь ашуланып атылмақшы болады.Сонда Фань деген ұстаздары тоқтатып,сабыр сақта дейді.Жаңағы келген екі жапондық жігіттер
өздерінше болып тұрады.Мыналардың біреуі менімен шықса мен тілімді шәйнауға дайынмын дейді.Аудармашы Ху мыналарға,егер сендерде төбелесетін
біреу болса,мынау баннердегі қағазды шәйнауға дайын дейді.Аудармашы Ху Чэньге жақындап ұстазың сияқты жолы болмағырсың деп тиісініп тұрады.
Фань болса,Чэнь сабыр сақта дейді.Аудармашы Ху мен жапондықтар кетіп қалады.Кейін жапондықтардың жаттығып жатқанын көреміз.Бір кезде осы
жерге баннерді құшақтап Чэнь жетіп келеді.Баннерді көрсетеді.Бастықтарың Сузуки керек дейді.Сонда Иошида деген ұстаздары қарқылдап күле кетеді.
Бір жігіт өзінше Чэньге жақындайды.Чэнь оны бір береді.Екіншісі жетіп келеді.Оны да құлатады.Бір кезде бүкіл жаттығып жатқандар жабыла кетеді.
Чэнь яғни Брюс Ли әдеттегідей мысық сияқты мияулап төбелеске кіріседі.Чэнь бәрін жан жаққа шаша бастайды.Иошида таңғалып қарап тұрады.Чэнь
ақыры бұлардың бәрін шашып тастаған соң,ұстаз болып жүрген Иошидамен төбелеседі.Оны да құлатып тастап,ескерту жасап кетеді.Сосын бағана
өзінше тілімді шайнаймын деген жігіт пен тағы да біреуді шақырып мына қағазды шәйнаңдар дейді.Чэнь біреуінің аузына тыққыштап,шәйнаңдар ,
келесі жолы тілдерің болады дейді.Чэнь кетіп қалады.Осы арада аудармашы Ху келе жатқан еді.


Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов

Комментарии

Информация по комментариям в разработке