Бала тәрбиесі ұғымы | Елжас Ертайұлы | Баланың сезімін түсіну

Описание к видео Бала тәрбиесі ұғымы | Елжас Ертайұлы | Баланың сезімін түсіну

✓ Бала тәрбиесі ұғымын дұрыс түсініп жүрміз бе?
➤ Бүгіннен бастап бала тәрбиесіне арналған "Балалар - болашағымыз" атты видео кеңестерімізді бастағалы отырмыз.

≡Әлеуметтік желіме тіркеліңіздер:

Instagram: https://clck.ru/EuYwW

Telegram канал: https://clck.ru/EuYwD

Facebook: https://clck.ru/EuYw2

YouTube канал: https://clck.ru/EuYuj

Сайт: http://bakittiotbasi.kz

Әр апта сайын, дүйсенбі күндері сіздер бала тәрбиесіне байланысты біздің жеке кеңестерімізді тыңдай алатын боласыздар.

Сонымен бүгінгі тақырыбымыз "Бала тәрбиесі ұғымы". Осы тақырыптың айналасында сөйлесіп, осы тақырыпты талқылағым келіп отыр. Сіздермен бірге Елжас Ертайұлы, "Бақытты отбасы" отбасылық кеңес орталығының құрушысы әрі кеңесшісі.
Сонымен, - бала тәрбиесі ұғымын дұрыс түсініп жүрміз бе? деген сұрақты өзімінің жеке семинарларымда, жеке тренингтарымда және жеке кездесулерімде ата-аналардан сұрадым. Және олардан өте көп жауаптар келді. Көбінің жауабы баламның қарны тоқ, көйлегі көк, басқа не істеймін енді дегеннің айналасында болды. Біздің ата-аналар көп жағдайларда "бала тәрбиесі" деген кезде баланың материалдық қажеттілігін қамтамасыз етумен ғана шектеледі. Яғни, баламның қарнын тойдырдым, киімін кигіздім, қолына iphone 8-ін, iphone 10-ын ұстаттым, сонымен жаңағы бала тәрбиесіне байланысты өзімнің жауапкершілігімді толық атқардым деп жатады. Ата-аналық борышымды ақтадым деп ойлайды. Бірақ біз онымен келіспейміз. Неге?




#балатәрбиесіұғымы #атаана #балатәрбиесі #анаменбала #әкеменбала #тәрбие #елжасертайұлы #бақыттыотбасы #эгоисттікәрекет

Комментарии

Информация по комментариям в разработке