Не үшін оқуға түсіп журсин? Арыстан Оспанов

Описание к видео Не үшін оқуға түсіп журсин? Арыстан Оспанов

Ұстаз Арыстан Оспанов
не үшін оқуға түсіп журсин?
Ыбырай Алтынсариннің ғибратты әңгімелерінің бірінде мынадай мысал бар. Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, жанынан бір жарлы адам өтеді. Ол оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі. Қасындағы бай:

– Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні неде? – деп сұрайды. Сонда ғалым: «Ешбір ғылым-білім үйренбеген адам әдептілік көрсеткенде, не үшін мен одан әдепсіз болып көрінуім керек?» – деген екен.

Хәкім Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» - десе, Алаш арысы Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» деген. Білімнің берекесі әдеп арқылы келеді. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «Әдеп білімнен жоғары», – деп бекер айтпаса керек. Имам Мәликтің мынадай сөзі бар: «Білімнен бұрын әдеп үйрену керек. Әдепсіздің білімінде қайыр жоқ».

Комментарии

Информация по комментариям в разработке