Төлен Әбдікұлы «Бас сүйек» шығармасының аудио кітап нұсқасы

Описание к видео Төлен Әбдікұлы «Бас сүйек» шығармасының аудио кітап нұсқасы

Төлен Әбдікұлының 60-шы жылдарда жарық көрген «Бас сүйек» атты алғашқы әңгімесінде мүсінші Хамиттің Жаубөрі батырдың бас сүйегі арқылы оның мүсінін жасау жолындағы жан азабын суреттеу арқылы шынайы өнерге өзін ар­наған адам ешқашан рахат өмір сүре алмайтынын, ізденуде шек жоқ екенін, жаужүрек батырлар жайлы қатып қалған стереотипті жеңу оңайға соқпайтынын, қолын­да аз ғана билігі бар адамдардың өзі ұлты үшін жан қиған ұлы тұлғалардан гөрі өз туыстарына ескерткіш орнатып, ұлтқа үлкен қиянат жасап отырғанын ойлайтын тоғышарларды алғашқы әң­гімесінде-ақ сынап еді. Совхоздың жай ғана бухгалтері былтыр өлген әкесіне төбесі көк тіреген ес­керткіш қойып жатқанда, қол созым жердегі Қалмаққырғанда елі үшін мерт болған Жаубөрінің моласы жермен-жексен боп, үстін шөп басып жатқанын қаперіне де алмады.

Телеграм канал: @kitaptarqz

Комментарии

Информация по комментариям в разработке