№3 Баспаналы балапандар енді жыламасын, енді мұңаймасын! - Рысбала Икрамбай

Описание к видео №3 Баспаналы балапандар енді жыламасын, енді мұңаймасын! - Рысбала Икрамбай

№6 Ешкім, ешқашан жыламасыншы!
Ақ түйенің қарны жарылған күн
Аманаттарыңызды табыстадым!
Бүгін арқамнан ауыр жүк түсті, тыныш ұйықтадым-ау 😢☺️
Кеше кілтті табыстап болған соң бәріміз қайтып жатсақ,Ардақтың балалары біз қашан қайтамыз дейді😅😁 балалар сенбей жүр.
ХАЛҚЫМ СІЗДЕРДІҢ АРҚАЛАРЫҢЫЗДА ТӨРТ БАЛАПАН ТАЗА,ЖЫЛЫ ТӨСЕКТЕ ҰЙЫҚТАП БАСТЫСЫ ӨЗ БАСПАНАСЫНДА ӨМІР СҮРЕДІ.
ЖАНЫМ АРДАҚ ІШІ ТОЛЫП ҚАЛҒАН АЩЫ ӨКСІКПЕН ЖАЛАЙДЫ-АУ 😢😢😢😢
Енді тек қуаныштың көз жасы болсын, Нұрислам деген жігіт сайрап сөйлеп кетіп аузына ел қарайтын шешен болсын.
Біткен іске сыншы көп, кем-кетігі болса айыпқа бұйырмаңыздар.
Санаулы күндердің ішінде білекті түріп тастап барынша жағдайы жасалған ,ештеңеге мұқтаж болмай өмір сүретіндей етіп үйді дайындадық.
АЛЛАҒА ШҮКІР,ҚОЛДАУШЫ КЕҢ ЖҮРЕКТІ МЕЙРІМДІ ХАЛҚЫМ,ЖЕСІРІН ЖЫЛАТҚЫСЫ,ЖЕТІМІН ҚАҢҒЫРТҚЫСЫ КЕЛМЕГЕН ҚАРА ҚАЗАҚ ПЕЙІЛДЕРІҢІЗГЕ АЛЛА БЕРСІН,СІЗДЕР БОЛМАСАҢЫЗДАР,СІЗДЕР СЕНІП,МАҒАН ҚОЛДАУ КӨРСЕТПЕСЕҢІЗДЕР МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН ЕШТЕҢЕ КЕЛМЕС ЕДІ.
#Рысбала #Кайырымдылык #Rysbala

Комментарии

Информация по комментариям в разработке