Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Описание к видео Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Биыл Балалар өнер мектебі- Юнеско клубын 80 оқушы әр мамандық бойынша сәтті тәмәмдады!
Музыка бөлімі бойынша «Флейта» сыныбын -1, «саксофон» сыныбын -2, «скрипка сыныбын» -4, «фортепиано» сыныбын -2, «домбыра» сыныбын – 8, «дәстүрлі ән» сыныбын – 13, «вокал» сыныбын -9, «гитара» сыныбын - 2, Театр бөлімін – 4 оқушы, «Көркемөнер» бөлімін -22, «Хореография» бөлімін 13 оқушы , барлығы 80 оқушы аяқтады.
Осыған орай 30 мамыр күні түлектерімізге салтанатты түрде куәлік тапсыру рәсімі өтті. Рәсімді түлектерімізден құралған домбырашылар ансамблі Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашып, артынша мектеп директоры Жексембекова Гүлжаһан Сагатовна құттықтау сөз сөйлеп, сонымен қатар озат оқушыларға, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздарына, мектебіміздің белсенді оқушыларына және ата- аналарға Алғыс хат табыстады. Мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары Өнер ордасына, педагогтерге алғыстарын айтып, музыкалық сәлемдерін жолдады. Артынша естелік суретке түсіп, көңілді тарқасып жатты. Түлектерімізге Ақ жол, педагогтерге білімді де білікті шәкірттеріңіз көп болғай демекпіз!!!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке