Мәскеудегі теракт, мигранттарға қысым, су тасқыны - AzatNEWS | 26.03.2024

Описание к видео Мәскеудегі теракт, мигранттарға қысым, су тасқыны - AzatNEWS | 26.03.2024

- Ресейдегі терактіні жасаған кім? "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алса да Кремль оқиғаның артында Украина тұрғанын айтады. Украина президенті мұны "Путиннің кезекті өтірігі" деп жоққа шығарады.

- Терактіге байланысты бүгінге дейін сегіз адам екі айға қамалды. Оның көбі Тәжікстан азаматтары. Арасында бір Қырғызстанда туған ресейлік бар. - Мәскеудегі терактіден соң Ресейде мигранттарға қысым күшейген. Қырғызстан өз азаматтарын Ресейге бармауға шақырды.

(ТҮЗЕТУ: Хабардың 01:25 минутында жүргізушінің "Қырғызстанның бір азаматы екі айға қамалды" деген сөзін "Қырғызстанда туған Ресей азаматы" деп түсінуді сұраймыз).

- Астана іргесіндегі Қоянды ауылында қар еріп, қызыл су үйлердің ауласына жайылған. Қазақстанның өзге өңірлерінде де осыған ұқсас оқиғалар болып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны қаупі барын бір ай бұрын ескерткен.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке