🤢 Шіріген Тісттер|Оның емі қандай?

Описание к видео 🤢 Шіріген Тісттер|Оның емі қандай?

Тісті үй жағдайында емдеу жолдары!!

СӘЛБЕН тұнбасы – бактерияға қарсы күреседі әрі суықты емдейді. Оны дайындау үшін 1 стақан ыстық суға 3 ас қасық сәлбен (шалфей) шөбін салып, тұндырасыз. Бөлме температурасында жылыған кезде тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 3-4 рет қайталауға болады. ЕМЕН ҚАБЫҒЫНЫҢ қайнатпасы – қабынуға ем болады. Ол үшін 200 мл суды ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Қайнап шыққан соң 2 ас қасық үгілген емен қабығын салып, 20 минут қайнатыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған емдік тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде аузыңызды шайыңыз. ТҮЙМЕДАҚ қайнатпасы – қызыл иектің қабынуын емдейді әрі қанауын тоқтатады. Қайнатпаны дайындауға 1 стақан су мен 3 ас қасық түймедақ шөбі керек. Эмаль ыдысқа суды құйып, отқа қоясыз. Қайнап шыққан соң шөпті салып, 5-7 минуттай қайнатасыз. Сосын ыдысты оттан алып, қақпағын жабыңыз. Бөлме температурасында жылыған кезде қайнатпаны сүзіп алыңыз. Емдік қасиетін арттырғыңыз келсе аздап бал қосуға болады. ЖАУЖАПЫРАҚ қайнатпасы – ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін 300 мл суды ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Қайнаған суға 4 ас қасық жаужапырақ (мелисса) шөбін салып, тағы да 5-10 минуттай қайнатасыз. Көрсетілген уақыттан соң ыдысты оттан алып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 3-4 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын мұқият шаясыз. ТҰЗ бен СОДА – тіс ауруын қойдырады әрі қызыл иектің ісігін басады. Емдік қасиеті мол бұл азықты қалай қолданамыз. Ол үшін 2-3 шай қасық тұзды немесе соданы 1 стақан ыстық суға саласыз. Жақсылап араластырып алып, ауыз қуысын шайыңыз. Бұл әдіс сізге өте жедел көмектеседі.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке