Корей студенттері қазақ тілін меңгеріп жатыр

Описание к видео Корей студенттері қазақ тілін меңгеріп жатыр

Елбасы сапарын корейлік саясаткерлер мен кәсіпкерлер ғана емес, жоғары оқу орындарының студенттері де жіті бақылап отырды. Әсіресе шет тілдер университетінің шәкірттері. Бұл білім ордасында қазақ тілі оқытылады.

Қазақшаға қамшы салдырмайтын корейлік студенттермен осы елдегі тілшіміз Владислав Цой кездесіп қайтты.

Қазақ тілін студенттерге 2004 жылдан бастап профессор Сон Ен Хун үйретіп келеді. Оның еңбегінің арқасында 150-ге жуық корей қазақша еркін сөйлей бастады. Тіпті бірнеше түлегі Қазақстанда жұмыс істеп жатыр.

Сон Ен Хун, Хангук шет тілдер университетінің профессоры

-Біздің оқу орнымыз Қазақ ұлттық университеті, Евразиялық университеті сынды қазақстандық білім ордаларымен қарым-қатынас орнатады. Білім алмасу бағдарламалары бойынша студенттерімізді осы елге жібереміз. Біз Қазақстанда корей тілін оқып жатқан студенттерді аламыз.

Қазақстан туралы жаңа материалдарды оқытушылар ғаламтордан іздеуге мәжбүр. Өйткені Кореяда қазақ тілінде кітаптар мен оқу әдістемелері тапшы.

Әлия Құрышжан, Хангук шет тілдер университетінің профессоры

-Соңғы энциклопедия, үлкен көп томдық жинақтар қолымызға түспейді. Сол қиын болып жатыр.

Осы жолғы лекция тақырыбына Нұрсұлтан Назарбаев туралы корей тілінде шыққан кітаптың Сеулдегі тұсаукесері арқау болды. Студенттер журналист бейнематериалының мағынасын зерттеп жатыр. Осындай тәлім алған жастарға Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

Пак Сонг Мин, Хангук шет тілдер университетінің студенті

-Мен болашақта қазақ тілімен жұмыс істеймін. Сондықтан мен Қазақстанда болған кезде «Астана ЭКСПО-2017-ге» түйіндеме жібергенмін, бірақ әлі жауап алған жоқпын.

Кан Ми Джон, Хангук шет тілдер университетінің студенті

-Қазақстан және Корея арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін жұмыс істегім келеді. Меніңше, Қазақстанның болашағы бар деп санаймын.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Кореяға сапары бұл студенттер үшін өте маңызды. Өйткені екі ел басшыларының келіссөздерінің нәтижесінде Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық байланыс бекемдейді, яғни Қазақстанда жұмыс істеуге жақсы мүмкіндік туады.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Санг Хен

Комментарии

Информация по комментариям в разработке