Есіңе мені алғайсың - Жұбаныш Жексенұлы , Елена Әбдіхалықова (мәтін/lyrics/текст песни)

Описание к видео Есіңе мені алғайсың - Жұбаныш Жексенұлы , Елена Әбдіхалықова (мәтін/lyrics/текст песни)

Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың.
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың.

Қазбауыр бұлттар маңғанда,
Орманға жазда барғанда
Арманда мені, арманда,
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың.
Арманда жаным арманда
Жок деген сөзге алданба
Есіңе мені алғайсың

Қараша келген шақтарда,
Құлазып тұрған бақтарда,
Жапырақ жайрап жатқанда,
Қурайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың.
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың.
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың

Комментарии

Информация по комментариям в разработке