КТК: Қазақстан жаңалықтары 08.10.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 08.10.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

ТАРАЛУЫН ТОҚТАТТЫ
Қарағанды облысында мыңдаған гектарға жайылған қызыл жалын оқшауланды. 500 -ден астам құтқарушы әлі апат ошағында өрт сөндіруде.

НАЗАРЫН АУДАРДЫ
Алматы облысында 16 жасар жігітті ата-анасының көзінше өлтіргендердің ісі Ішкі істер министрлігі мен прокуратура бақылауында. Бір шөлмек сыраның ақысын төлемеу үшін Шерзатты отбасымен қоса қырып кете жаздағандардың жетеуі екі айға қамалды.

УЛЫ ГАЗ ШАШҚАН
Шымкентте есірген 10 -сынып оқушыларының кесірінен он шақты бала мен мұғалім есінен танып, ауруханаға түскен. Сабақ үстінде кабинеттерге улы газ шашып, есіктерін жауып кеткен сотқарлардың ата-аналары жауапқа тартылмақ.

ӨЗ ҚОЛЫМЕН БЕРГЕН
Сатып береді деп сенген екен. Қызылордада автокөліктерін делдал компания басшысының атына өздері аударып беріп, ақшаларын күтіп жүрген бір топ адам полицияға арызданды.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке