ФУТЗАЛ - Біржан Оразов & Даурен Турсагулов - ТОЛЫҚ ИНТЕРВЬЮ | Қызық Live

Описание к видео ФУТЗАЛ - Біржан Оразов & Даурен Турсагулов - ТОЛЫҚ ИНТЕРВЬЮ | Қызық Live

ФУТЗАЛ - Біржан Оразов & Даурен Турсагулов - ТОЛЫҚ ИНТЕРВЬЮ | Қызық Live

Каналға жазыл / Подпишись на канал
   / @maratoralgazin  


Ал сіздер білесіздер ме?
Батырларымызды танисыздар ма?
Жетістіктерді айтсам ШОК боласыздар!
Футзал минифутболдан Қазақстан әлемдегі ең мықты 5 команданың қатарында екенін білесіз бе?
БІРЖАН ОРАЗОВ - 2022 жылғы ЕВРОПА чемпионатының үздік бомбардирі, сұрмергені ПРИКИНЬ
ДӘУРЕН ТҰРСАҒҰЛОВ - 2021 Қазақстанның ең үздік ойыншысы! Екеуі де Аягөзден!
ҚАЗАҚСТАН футзал құрамасында бес ойыншы АЯГӨЗ қаласынан екенін білесіз бе?
ҚАЙРАТ” футзал командасы финалда “БАРСЕЛОНАны” ұтып УЕФА чемпиондар кубогын алғанын білесіз бе? ЕКІ РЕТ! 2013 және 2014
Тағы басқа қызықтарды эфирде білесіз!
Бұл жігіттер өзіміздің қарагөздер еліміздің байрағын көтеріп, ӘЛЕМДЕ ҮЗДІК атанып жүр!
Оны қойшы! ӘҢГІМЕНІ ДЕ СОЯДЫ екен Әңгімені сойып, жіліктеп, пакетке салып үйіңе қайтарып жібереді! Бұл осы жылғы ең күлкілі шығарылым менің ойымша!

Біздің мақсатымыз осындай ерекше, ерен еңбегі бар жандарды көрерменге таныстыру, көпшілікке паш ету! Сондықтан барлығы сіздерге байланысты! Ертең барынша қолдау көрсетейік!

Футзалдан биылғы Еуропа чемпионатының үздік бомбардирі Біржан Оразов және Қазақстанның 2021 жылғы ең үздік ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов "Қызық Live" бағдарламасында қонақта болды. Бағдарлама барысында ойыншылар спортқа қалай келгені туралы баяндап берді. Бағдарлама барысында Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов жүргізушілерге өздерінің нөмірі жазылған футболканы сыйлыққа берді. Бұл ретте қос ойыншы неліктен "17" және "12" нөмірлерін таңдап алғанын түсіндіріп берді. "17" – менің туған күнім. Баламның туған күні де 17-сі. 17 қазан – менікі, 17 қараша – баламдікі", - дейді Біржан. Ал Дәурен болса: "12" саны өзіме ұнайды. Негізі біз ұлттық құрамаға барған кезде менде 20-шы нөмір болатын. Өйткені ол кезде бос нөмірді бере салатын. Сенен қай нөмір керек деп те сұрамайтын. Қай форма дайын, соны бере салатын", - деді. lamber-cheese.ru реклама Одан бөлек, ойыншылар Қазақстандағы футзал ойыны енді дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Біржанның айтуынша, қазір Мбаппенің формасы емес, Оразов, Тұрсағұлов, Игита деген сияқты формаларға сұраныс көп болып жатыр. "Қазақтарды екі-ақ нәрсе ұйқыдан оятады дейді ғой. Біреуі – Гена болса, екіншісі осы – футзал", - деп қалжыңдады Біржан. Сондай-ақ, студия қонақтары спортқа қалай келгендеріне тоқталып, қызықты сәттерін бөлісті. Екеуі де Шығыс Қазақстан облысы Аягөзден екен. Командада Аягөзден 5 бала бар екен. Одан бөлек, бразиялық ойыншылар да бар. Бірлік бар жерде – тірлік бар", - деген Біржан командадағы бразиялық ойыншыларға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, бразиялық ойыншылар орысша сөйлеп, айтқаныңды түсінеді. Жаттығу кезінде де бірге жаттығады. "Иә, жақсы араласамыз. Бәрі орысша түсінеді. Орысша сөйлейді. Қазақша тұрмыстық сөздерді біледі. Мысалы, ас болсын, сәлем, қалайсың деген секілді. Жаттығуларымыз да бірге болады. Бразиялықтар нені істейді, біз де сол жаттығуды жасаймыз. Әрине, айтқан нәрсе жүрекке тиеді. Бірақ Қазақстан жері үшін, елі үшін барын салып ойнап жатқан кезде, қазақстандық деп есептейсің ғой. Өйткені кейбір азаматтар бар қазақ үшін олай тер төкпейтін. Ал біз, барлығымыз бірге Қазақстан үшін жанымызды салсақ, Қазақстан үшін жан пида болып жатса, неге ойнамасқа?", - дейді ол. Студия қонақтары, сондай-ақ, футзалға қалай келгені, мектеп кезінде сабақты қалай оқығандары туралы да айтты. Біржанның сөзінше: "Менің нағашы ағам ойнаған. Қақпашы болған. Соның киімдерін киіп алып, сөйтіп қиялданып жүретінмін. Сол маған ең бірінші түрткі болды деп ойлаймын. Содан кейін футболды жақсы көріп, аулада ойнап, сосын спорт мектебіне қатысып, сөйтіп осындай дәрежеге жеттім", - дейді. Мектепте екеуі де оқу озаты болмаған екен. Осыған қатысты Біржан өзінің қалай Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғанын айтып берді. "Оқу жағы нашар десе болады. Негізі ҰБТ-ға кірген кезде ештеңке білмеймін ғой. Содан математикадан мүлдем білмеймін. Сосын барлығын Б деп белгілеп шыққанмын. Неге Б деп белгіледің десе: Атым Біржан деп жауап бергем. Сөйтіп математикадан 3 балл алдым. Анам, бәрі ұрысқан болатын. Қазір енді мақтанады деп ойлаймын. Ананың көңілі - ең басты нәрсе. Бірақ, әрдайым білім алуға ұмтылу керек. Мысалы, менің бауырым футболшы боламын дейді. Мен бірінші орынға әрдайым сабақты қоямын. Өйткені бізге Қазақстанда білімді мамандар өте қажет. Содан кейін ары қарай футбол ма, қандай хоббиің бар - сомен айналыс деп кеңес беремін", - дейді Біржан.

Жүргізушілер:
Марат Оралгазин -   / oralgazin  
Еркебулан Мырзабек -   / rollanuly  

Қонақта:
  / orazov17  
  / tursagulov12  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке