Курсымыздың құндылығы - Дебат. Дебат өткізілу процессі.

Описание к видео Курсымыздың құндылығы - Дебат. Дебат өткізілу процессі.

Дебат - [ фр. debats - талқылау] - қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу; жарыссөз, айтыс.

Дебат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортаңыз өзгереді, достарыңыз көбейеді. Сөйлеу мәдениетіңіз қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге  дағдыланасыз. Кез келген тақырыпта ойыңызды еркін, нақты жеткізе аласыз. Үнемі ізденісте боласыз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан,  ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз.

Ойында екі, ақтаушы және жақтаушы, команда ойнайды. Форматтың басқа форматтардан негізгі айырмашылығы - бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама қарсы командадан сұрақ қойылады.

Дебатта уақыт шектеулі. Сондықтан оны дұрыс жоспарлай білу керек. Қатысушы білімді, батыл және әдепті болуға тиіс. Ең бастысы, дебат – ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыру.

Мен мұны не үшін жазды деп ойласаңыздар. Біздің курсымызда апта сайын 1 рет дебат өтіледі. Дебатты не үшін өткіземіз?
Дебатта оқушыларымыз:
Тілдік барьерларын сындырып, өз ойларын өзге тілде де жеткізуді үйренеді. Бұл адамның комфорт зонасынан шығуға өте қатты әсерін береді. Дебатта оқушылар 3 минуттан кем сөйлемейді. Бірнеше минуттан ары сөйлеу арқылы олар өз қорқыныштарын жеңуге әрекет етеді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке